«Білімді ұрпақ-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

2025 жылдың 22 қазан күні «Білімді ұрпақ-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, білім алушылардың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ортақ жауапкершілікпен қарау.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
– «Сапалы білім- жарқын болашақтың бастауы»
– 2025-2026 оқу жылының оқу процесімен таныстыру
– «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» колледждің ішкі тәртіп ережесімен және тәрбие бағыттарымен таныстыру.
– сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
– тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
– отбасылық құндылықтарды сақтау (кибербуллинг)
– «Дені саудың – тәні сау» Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы және оқушылардың денсаулығы туралы
– отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері.
Жиналыс мазмұнды пікір алмасуға, өзара түсініктік пен бірлескен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Бірлесе жұмыс істей отырып, шәкірттеріміздің табысты оқуы мен тәрбиесіне үлес қосамыз деп сенеміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған