Дебат клубы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021жылғы 15 ақпандағы №1-18-41566-И хаты негізінде 2020-2025жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  білім беру ұйымдарында «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасымен «Студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде Жол-көлік колледжінде  Жастардың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған «JKK» дебат клубы өз жұмысын жаңа бағытта қайта құрды.  «JKK» дебат клубы құрамында 7 адам бар.

Дебат қозғалысы фракциясының көшбасшысы – Нахан Шыңғыс ОПУЖТ 9-201тобының 1-курс студенті.

Бас төреші –Ешимов Б.Р.

Қазақ лигасының кординатор- Пернебекова А.Ж

Орыс лигасының кординаторы- Баймұханова Ж.

Төреші –Мамырханова А.А.

Төреші – Садырбай М.

Уақыт төрешісі: Жаңабай Заңғар болып сайланды.

 

Дебат – бұл белгілі бір ережелерге сәйкес өткізілетін арнайы пікірталас нысаны, интеллектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.

 

«JKK» дебат клубының мақсаты:

студенттер арасында комуникативтік дағдыларды, қоғамдық жағдайларға баға беруге, көшбасшылық дағдыларды дамыту және басқа да студенттік қоғамдық ұйымдармен байланыста болу.

 

Дебат клубының міндеттері:

  • сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, жауапкершілікті жас ұрпақты қалыптастыру;
  • Колледже студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақтың бойында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту;
  • шешендік және пікірталас ережелерін үйрету
  • Дауларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін ояту
  • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың жаңа идеяларын анықтау.

Барлық ниет білдірген студенттер «ЖКК»  дебат клубы мүшесіне қабылданды.

Дебат клубы құрамынан шығу белгілі себептерге байланысты дебат клубы әкімшілігнің шешімімен немесе студенттің өз еркімен жүзеге асады.

 

Дебат клубы мүшелерінің тізімінде бүгінгі күні 34 студент бар

Дебат клубының Колледжішілік топтар арасындағы  І кезең айналымы өз жұмысын Наурыз айынан бастап кетті. Аптаның әр сәрсенбісі  сағат 11-40 – 12-20 арасында презентация залында дебат клубы мүшелерімен берілген тақырыптарда турнирлер өткізіліп отыр. Осы күнге дейін ТМ 9-201, Тм 9-202 топтары арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»,  ал ТМ9-203, ТМ 9-206 топтары «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны»,ТМ 9-204, ТМ 9-205топтарымен  «Бала құқығы туралы жаңа заң» тақырыптарында пікірсайыстар «Американдық парламенттік форматта»  өтті.

І айналымға 16 топ қатысып, одан алға өз тапқырлығы, шешендігі мен  өзекті ойын дәлелді жеткізе білген топтар ІІ айналымға жолдама алып отырады. Турнирлер қазақ, орыс тілдерінде жүргізіліп отыр. Биылғы оқу жылында 16 тақырыпта ІV айналымға дейін дебаттық турнир өткізу жоспарланып отыр.