WorldSkills

Кәсіптік-техникалық колледждердің арасында жыл сайын өткізілетін  «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатында 2017 жылы Жол-көлік колледжінің студенті Тілеухан Дінмұхамед «Жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары» мамандығы бойынша күміс медальға ие болды.

05.04.2018ж. күні Жол-көлік колледжінің базасында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2018» облыстық чемпионаты өтті

05.04 – 06.04.2018ж. күндері Жол-көлік колледжінің базасында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен өткен «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2018» облыстық чемпионатында «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Бектан Ерасыл Лесбекұлы жүлделі I орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

26-27.04.2018ж. күні Жол-көлік колледжінің базасында ОҚО, Қызылорда, Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен «WorldSkills Kazahstan-2018» өңіраралық чемпионаты өтті. Чемпионатта «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі және «Кузовты жөндеу» құзіреттілігі бойынша ТжКББ ұйымдарынан 12 қатысушы қатысып, шеберліктерін сынға салды.

27.04 – 28.04.2018ж. күндері Жол-көлік колледжінің базасында ОҚО, Қызылорда, Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен өткен «WorldSkills Kazahstan-2018» өңіраралық «чемпионатында «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Бектан Ерасыл Лесбекұлы жүлделі I орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды және аталмыш байқаудың «Кузовты жөндеу» құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Умирзахов Жандос Жанболатович жүлделі I орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

«WorldSkills Kazakhstan -2018» республикалық төртінші чемпионатында Жол-көлік колледжінің жеңімпаз студенттерін марапаттау сәті. Сайысқа қатысқан 350-ге жуық үміткердің ішінен Жол-көлік колледжінің студенттері «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша – Е.Бектан, «Шанақ жөндеу» құзіреттілігі бойынша – Ж. Умирзақов жүлделі II орындарды иеленді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев студенттердің көрнекті жұмыстарын айрықша атап өтті. ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова жеңімпаздарға өз құзіреттіліктері бойынша марапаттарын табыс етті. 

«WorldSkills Kazakhstan – 2018» республикалық төртінші ұлттық чемпионатының жеңімпаздарын қарсы алу сәті. 03-07.12.2018ж. күндері республикамыздың барлық өңірлерінен келген колледждердің 350-ден астам студенттері 30 түрлі құзіреттілік бойынша түскен сайыста өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, Жол-көлік колледжінің студенттері жүлделі II орындарға ие болды.

Жол-көлік колледжінде 10-11.04.2019ж. күндері аралығында «Жеңіл автомобильді жөндеу және қызмет көрсету» , «Инженерлік графика CAD» (автоматтандырылған жобалау жүйесі) және «Шанақты жөндеу» құзіреттіліктері бойынша Шымкент қалалық «Worldskills-2019» ұлттық чемпионаты өтті.

  2019 жылдың  11-15 қараша айында  Нұрсұлтан қаласында өткен Республикалық WS чемпионатына студенттеріміз 3 құзіреттілік бойынша қатысып,1 студентіміз алтын медаль,2- студентіміз қола медаль,ал 3-сі үздік қатысушы медальонын иеленіп, Шымкент қаласының командасының Республикадағы 17 аймақтың ішінде Шығыс Қазақстан облысының  командасынан кейін 2-орынды иеленуіне үлкен үлесін қосты.