- С какими ещё производителями вакцин, кроме российских, проводятся переговоры о сотрудничестве, какую вакцину ждать?
Ответ: В настоящее время Министерством здравоохранения РК проводятся переговоры с производителями вакцин против коронавирусной инфекции, включая «Sinovac», «Sinopharm» (Китай), «Pfizer» (США).
- Ресейден басқа тағы қандай вакцина өндірушілерімен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде, қандай вакцинаны күту керек?
Жауап: қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Sinovac», «Sinopharm» (Қытай), «Pfizer» (АҚШ) қоса, басқа да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндірушілерімен келіссөздер жүргізуде.
- Говорят, вакцинация не будет принудительной, но не будут ли созданы латентные условия в организациях, где без нее людей будут притеснять людей в правах?
Ответ: Вакцинация в Казахстане является добровольной. Согласно 77 статье Кодекса РК «О здоровье народа и системе здравоохранения», любая медицинская процедура, в том числе и вакцинация, проводится только с информированного согласия прививаемого. Административной или уголовной ответственности за отказ от вакцинации в Казахстане не предусмотрено.
- Вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды дейді, бірақ ұйымдарда жасырын түрде адамдардың құқықтарына қысым жасайтын жағдайлар болмайды ма?
Жауап: Қазақстанда вакцинация ерікті түрде жасалады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.
- В случае побочных реакций или осложнений от вакцины, которые могут проявиться сразу или далеко после, кто будет отвечать за это конкретно. Куда целенаправленно могли бы обратиться пациенты с жалобой?
Ответ: Неблагоприятные проявления, характерные для применения вакцины, бывают преимущественно легкой или средней степени выраженности, могут развиваться в первые-вторые сутки после вакцинации и разрешаются в течение 3-х последующих дней.
Чаще других могут развиться кратковременные общие (непродолжительный гриппоподобный синдром, характеризующийся ознобом, повышением температуры тела, артралгией, миалгией, астенией, общим недомоганием, головной болью) и местные (болезненность в месте инъекции, гиперемия, отечность) реакции.
При развитии серьезных НППИ на уровне управления здравоохранения создается экспертная комиссия по НППИ с привлечением представителей департамента санитарно-эпидемиологического контроля. Каждый случай НППИ подлежит регистрации, учету и расследованию согласно требованиям приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 октября 2020 года № ҚР ДСМ-169/2020 «Об утверждении правил регистрации и расследования, ведения учета и отчетности случаев инфекционных, паразитарных заболеваний и (или) отравлений, неблагоприятных проявлений после иммунизации».
В случае регистрации НППИ, проводится расследование. Если, будет установлена связь с вакцинацией (нарушенией техники введения, нарушение требований хранения и транспортировки вакцин) ответственные лица привлекаются к административной и уголовной ответственности.
- Вакцинадан кейін бірден немесе кейінірек жағымсыз реакциялар немесе асқынулар болған жағдайда, оған нақты кім жауап береді? Науқастар шағыммен қайда жүгіне алады?
Жауап: вакцинаны қолдануға тән жағымсыз көріністер көбінесе жеңіл немесе орташа айқындылық дәрежесінде болады, мұндай жағдай вакцинациядан кейінгі бірінші-екінші тәулікте дамуы мүмкін және 3 күнге дейін бұл қалыпты болып табылады.
Көбінесе қысқа мерзімді жалпы (қалтырау, дене температурасының жоғарылауымен сипатталатын қысқа тұмау тәрізді синдром, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы) және жергілікті (инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну) реакциялар дамуы мүмкін.
Күрделі ИКҚК дамыған кезде денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерін тарта отырып, ИКҚК жөніндегі сараптама комиссиясы құрылады. ИКҚК-нің әрбір жағдайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 «Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу және олардың есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес тіркелуге, есепке алынуға және тергеп-тексерілуге жатады.
ИКҚК тіркелген жағдайда тергеу жүргізіледі. Егер вакцинациямен (енгізу техникасын бұзу, вакциналарды сақтау және тасымалдау талаптарын бұзу) байланысты жағдай анықталса, жауапты адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
- Объясните механизм перед процедурой получения прививки. Нужно ли будет подписать какие то документы?
Ответ: К вакцинированию допускаются лица, не имеющие противопоказаний к профилактической прививке. Перед проведением вакцинации проводится обязательный осмотр врача с измерением температуры тела, сбором эпидемиологического анамнеза, измерением сатурации, частоты сердечных сокращений, артериального давления, аускультацией дыхательной и сердечно-сосудистой системы и осмотром зева. В случае если температура превышает 37°С, вакцинация откладывается.
Перед проведением прививки прививаемое лицо подписывает добровольное информированное согласие или отказ на проведение профилактических прививок в письменном виде по форме согласно к Санитарным правилам № 361 от 13.06.2018 года.
- Вакцинация процедурасы алдындағы механизмді түсіндіріп өтсеңіз? Қандай да бір құжаттарға қол қою керек пе?
Жауап: вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация жүргізер алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру секілді дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.
Егілетін адам егуді жүргізу алдында 13.06.2018 жылғы № 361 Санитариялық қағидаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде ерікті ақпараттандырылған келісімге немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды.
- Паспорт вакцинации от коронавируса. Что это? Наличие документа будет открывать для людей какие то дополнительные возможности или это документ будет носить формальный характер?
Ответ: Электронный паспорт вакцинации – это медицинская история вакцинации. Это ключевой модуль (функциональность) в сфере здравоохранения для оказания непрерывного ведения, контроля и мониторинга вакцинируемого населения. В данный момент разработка ЭПВ находится на стадии завершения. ЭПВ реализован в информационной системе Министерства здравоохранения для медицинских работников, а для пациентов — посредством использования мобильного приложения eGov Mobile.
Электронный паспорт вакцинации будет доступен в мобильном приложении eGov Mobile непосредственно после прохождения процедуры вакцинации. В ЭПВ будут содержаться сведения о гражданине, о виде вакцины, которую он получил, этапность процедуры проведения вакцинации, а также наблюдения в поствакцинационный период. Наличие ЭПВ не дает дополнительных преимуществ.
- Коронавирусқа қарсы вакцинация паспорты дегеніміз не? Құжаттың болуы адамдарға қосымша мүмкіндіктер ашады ма немесе бұл құжат формалды бола ма?
Жауап: вакцинацияның электрондық паспорты — бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Бұл вакцинацияланатын халықты үздіксіз жүргізу, бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта ВЭП әзірлеу аяқталу сатысында тұр. ВЭП Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде медицина қызметкерлері үшін іске асырылған, ал пациенттер үшін — eGov Mobile мобильдік қосымшасы пайдаланылады.
Егудің электрондық паспорты егу рәсімінен өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. ВЭП-да егілген азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация процедурасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат болады. ВЭП болуы қосымша артықшылықтар бермейді.
- Карагандинский завод по производству вакцины Спутник V – мы будем производить ее для российского рынка или для отечественного?
Ответ: Вакцина Гам-КОВИД-Вак, произведенная на базе Карагандинского фармацевтического комплекса, будет использоваться только в Республике Казахстан.
- Қарағанды зауытында өндірілетін Спутник V вакцинасын біз Ресей нарығы үшін өндіреміз бе әлде отандық нарық үшін бе?
Жауап: Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы тек Қазақстан Республикасында ғана қолданылатын болады.
- Сколько будет стоить вакцина от COVID-19 для казахстанцев? Будут ли ставить ПЛАЦЕБО людям?
Ответ: Вакцинация против коронавирусной инфекции для уязвимых групп населения будет предложена на бесплатной основе в рамках ГОБМП (гарантированный объем бесплатной медицинской помощи).
При проведении вакцинации против коронавирусной инфекции плацебо не будет применяться. Плацебо обычно применяют при проведении клинических испытаний для контрольных групп чтобы отделить плацебо-эффект от настоящего эффекта вакцины.
- Қазақстандықтар үшін COVID-19 вакцинасы қанша тұрады? Адамдарға ПЛАЦЕБО қоя ма?
Жауап: халықтың осал топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ТМККК шеңберінде тегін негізде (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) ұсынылатын болады.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация кезінде плацебо қолданылмайды. Плацебо әдетте бақылау топтары үшін плацебо әсерін вакцинаның нақты әсерінен бөлу мақсатында клиникалық сынақтар кезінде қолданылады.
- Будут ли прививать казахстанской вакциной от коронавируса детей?
Ответ: Вакцина «Спутник V» не рекомендована детям до 18 лет, это связано с тем, что применение вакцины в данной возрастной группе пока не изучено. Вакцину могут получить лишь совершеннолетние граждане РК. Вакцина казахстанского производства на настоящий момент находится на 3 стадии клинических испытаний.
- Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина жүргізіледі ме?
Жауап: «Спутник V» вакцинасы 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды, себебі вакцинаны осы жас тобында қолдану әлі зерттелген жоқ. Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3 сатысында тұр.
- Можно ли будет получить вакцину по страховке ФМС?
Ответ: Вакцинации против коронавирусной инфекции подлежат уязвимые группы населения, которые подвержены высокому риску заражения и распространения коронавирусной инфекции, с дальнейшим охватом остальных групп населения, подлежащих иммунизации. Вакцинация для групп высокого риска заражения и распространения коронавирусной инфекции проводится бесплатно за счет ГОБМП.
- Медициналық сақтандыру қоры бойынша вакцина алуға болады ма?
Жауап: коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары, одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары жатады. Коронавирустық инфекцияның таралу және таралу қаупі жоғары топтар үшін вакцинация ТМККК есебінен тегін жүргізіледі.
- Если вакцины такие безопасные, почему прививку не сделают лидеры стран?
Ответ:
- В США вакцину получил избранный президент Джо Байден — ему 78 лет, и он входит в группу риска. Байдену ввели вакцину от Pfizer и BioNTech.
- Президент Гвинеи Альфа Конде стал первым лидером страны, привитым вакциной «Спутник V». Также в стране были привиты 19 высокопоставленных должностных лиц, в том числе министр обороны.
- Президент Аргентины Альберто Фернандес тоже сделал прививку от коронавирусной инфекции российской вакциной «Спутник V». До президента был привит министр здравоохранения Буэнос-Айреса Даниэль Голлан.
- Сын президента Венесуэлы Николас Мадуро Герра сделал прививку против коронавируса российской вакциной «Спутник V».
- Президент Турции Реджеп Эрдоган вакцинировался против коронавирусной инфекции китайским препаратом СoronaVac. Первым прививку сделал глава Минздрава Турции Фахреттин Коджа.
- В Ватикане вакциной Pfizer привились 84-летний папа римский Франциск и 93-летний папа на покое Бенедикт XVI.
- Актер и бывший губернатор Калифорнии Арнольд Шварценеггер сделал прививку от коронавируса вакциной от Pfizer и BioNTech. Американский режиссер документального кино Оливер Стоун сделал прививку российской вакциной от коронавирусной инфекции «Спутник V».
- В Казахстане одним из первых прививку от коронавируса вакциной отечественной разработки получил Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов. Также в числе добровольцев получили вакцину помощник Президента РК Ерлан Карин, аким Жамбылской области Бердибек Сапарбаев.
- Егер вакциналар қауіпсіз болса, неге ел басындағылар вакцинация жасамайды?
Жауап:
1) АҚШ-та вакцинаны сайланған президент Джо Байден алды. Ол 78 жаста және ол қауіп тобына кіреді. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы енгізілді.
2) Гвинея Президенті Альфа Конде «Спутник V» вакцинасымен егілген елдің алғашқы басшысы болды. Сондай-ақ, елде 19 жоғары лауазымды тұлға, оның ішінде қорғаныс министрі инфекцияға қарсы егілді.
3) Аргентина президенті Альберто Фернандес ресейлік «Спутник V» вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жасады. Президентке дейін Буэнос-Айрестің Денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан вакцинацияланды.
4) Венесуэла президентінің ұлы Николас Мадуро Герра коронавирусқа қарсы Ресейлік «Спутник V» вакцинасымен егілді.
5) Түркия президенті Режеп Ердоған қытайлық СoronaVac препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Алғашқы егуді Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин қожа жасады.
6) Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасымен егілді.
7) Актер және бұрынғы калифорния губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен егілді. Американдық деректі кинорежиссер Оливер Стоун ресейлік «Спутник V» коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина жасады.
8) Қазақстанда отандық вакцинамен коронавирусқа қарсы алғашқы екпені ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина алды.
- Какую вакцину будут применять в Республике Казахстан?
Ответ: С февраля 2021 года в РК начнется вакцинация против КВИ с использованием вакцины Гам-КОВИД-Вак («Спутник V»), которая произведена в России. Далее, вакцинация будет осуществляться вакциной Гам-КОВИД-Вак, произведенной на базе Карагандинского фармацевтического комплекса. Со 2 квартала 2021 года планируется начать вакцинацию препаратом отечественного производства — QazCovid-In, который в настоящее время находится на 3 фазе клинических испытаний.
- Қазақстан Республикасында қандай вакцина қолданылады?
Жауап: 2021 жылдың ақпан айынан бастап ҚР-да Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасымен КВИ-ға қарсы вакцинация басталады. Бұдан әрі, вакцинация Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен жүзеге асырылады. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап отандық өндіріс — QazCovid-In препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр, ол қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде тұр.
- Кто сможет получить вакцину от коронавируса?
Ответ: Вакцинация будет осуществляться поэтапно с учетом поступления вакцины. При этом, в первую очередь вакцинации против коронавирусной инфекции подлежат уязвимые группы населения, которые подвержены высокому риску заражения и распространения коронавирусной инфекции, с дальнейшим охватом остальных групп населения, подлежащих иммунизации.
На первом этапе вакцинацией будут охвачены медицинские работники инфекционных больниц, скорой медицинской помощи, реанимации, ПМСП, приемных покоев, сотрудников санэпидслужбы. На втором этапе вакцинацией охватят педагогов общеобразовательных школ, вузов, работники медицинских служб, не вошедших в первый этап. Третий этап охватит педагогов школ-интернатов, детских дошкольных учреждений, студентов и лиц с хроническими заболеваниями, работники медико-социальных учреждений.
Кроме того, в последующем планируется расширение контингента с включением дополнительных уязвимых групп населения.
- Коронавирустық вакцинаны кім ала алады?
Жауап: Вакцинация вакцинаның түсуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары вакцинацияланып, одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады.
Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, АМСК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызметкерлерін қамтиды. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қамтиды.
Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.
- Возможна ли аллергическая реакция на вакцину от коронавируса?
Ответ: Перед любой вакцинацией медицинский работник уточняет наличие аллергии у прививаемого. В случае, если имеется тяжелое аллергическое заболевание, человеку дается медицинский отвод от прививки. При этом, предугадать аллергическую реакцию невозможно, так как каждый организм индивидуален. В целях своевременного реагирования человеку следует оставаться под медицинских наблюдением (в стенах мед. учреждения) первые 30 минут после получения прививки: именно в этот промежуток возможно проявление аллергической реакции на вакцину.
- Коронавирустық вакцинадан аллергиялық реакция болуы мүмкін бе?
Жауап: кез келген вакцинациядан бұрын медицина қызметкері егілушіде аллергияның болуын нақтылайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға егуден медициналық шеттету беріледі. Сонымен қатар, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, өйткені әр организм өзінше бөлек. Уақтылы әрекет ету үшін вакцинациядан кейінгі алғашқы 30 минутта адам медициналық бақылауда болуы керек (мед.мекеме қабырғасында): дәл осы кезеңде вакцинаға аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.
- В России проводится ежедневное телефонное обследование тех, кто получил вакцину, и в отношении тех, кто был вакцинирован. У нас тоже предусмотрены такие технические моменты?
Ответ: Все вакцинированные первые 30 минут будут находиться в медицинском учреждении под наблюдением врача. Затем следующие 3 дня они будут находиться под динамическом наблюдением участковых врачей по месту прикрепления. Процедура медицинского наблюдения проводится после получения любых прививок. Кроме того, каждому вакцинированному человеку будет выдана специальная памятка с указанием возможных побочных эффектов вакцины и номера телефонов поликлиник, в которые они могут обратиться в случае проявление таких эффектов.
- Ресейде вакцина алғандарға және вакцинацияланғандарға күнделікті телефон арқылы тексеру жүргізіледі. Бізде де осындай техникалық сәттер қарастырылған ба?
Жауап: барлық вакцинацияланғандар алғашқы 30 минутта медициналық мекемеде дәрігердің бақылауында болады. Келесі 3 күнде олар тіркелген жердегі учаскелік дәрігерлердің динамикалық бақылауында болады. Медициналық бақылау рәсімі кез келген екпені алғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, вакцинацияланған әрбір адамға вакцинаның ықтимал жанама әсерлері және осындай әсерлер пайда болған жағдайда олар жүгіне алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.
- Где будет применяться вакцина, которую выпускают на Карагандинском заводе?
Ответ: Вакцина Гам-КОВИД-Вак, произведенная на базе Карагандинского фармацевтического комплекса, будет использоваться только в Республике Казахстан.
- Қарағанды зауытында шығарылатын вакцина қайда қолданылады?
Жауап: Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы тек Қазақстан Республикасында ғана қолданылатын болады.
- Почему прививку нужно обязательно получить в два этапа?
Ответ: Вакцину от коронавируса следует вводить в два этапа с интервалом в 21 день. Первая доза дает непродолжительный защитный эффект за счет выработки небольшого количества антител. Вторая доза усиливает и закрепляет действие первой, количество антител в организме человека увеличиться.
- Неліктен вакцинаны екі кезеңде алу керек?
Жауап: коронавирустық вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады.
- Прошла ли российская вакцина «Спутник V» достаточную проверку качества?
Ответ: Данная вакцина прошла государственную регистрацию в РФ и на протяжении нескольких месяцев используется для иммунизации уязвимых слоев населения. По данным Фонда прямых инвестиций РФ, порядка 50 стран подали заявку на приобретение данной вакцины, а некоторые страны (Беларусь, Аргентина, Сербия) уже применяют.
Согласно действующего законодательства, при ввозе незарегистрированных лекарственных средств на территорию Республики Казахстан обязательно наличие электронной копии документа производителя, подтверждающего качество лекарственного средства, с переводом на казахский или русский языки (сертификаты анализа или протокол испытаний или паспорт качества с показателями оценки качества). В настоящее время, постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № 850, утверждены Правила временной государственной регистрации вакцин против коронавируса COVID-19, произведенных в Республике Казахстан.
- Ресейлік «Спутник V» вакцинасының сапасы жеткілікті тексеруден өтті ме?
Жауап: бұл вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылады. Ресей Федерациясының тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, 50-ге жуық ел осы вакцинаны сатып алуға өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде қолдануда.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қазақ немесе орыс тілдерінде аудармасы бар дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі (талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты) болуы міндетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген covid-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілді.
- Какие вакцины разрабатываются в нашей стране?
Ответ: В числе вакцин-кандидатов против коронавирусной инфекции, зарегистрированных Всемирной организацией здравоохранения, находятся 5 вакцин-кандидатов казахстанского производства. Первая – инактивированная вакцина, разрабатываемая Научно-исследовательским институтом проблем биологической безопасности Комитета науки Министерства образования и науки РК (далее – НИИ ПББ), находящаяся на стадии клинических исследований. Четыре другие – субъединичные вакцины, находящиеся на стадии доклинических исследований и разрабатываемые:
1) Казахским национальным аграрным университетом совместно с Университетом Штата Огайо (США);
2) Казахским национальным аграрным университетом;
3) Национальным центром особо опасных инфекций им. М. Айкимбаева;
4) НИИ ПББ.
- Біздің елімізде қандай вакциналар жасалуда?
Жауап: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирустық инфекцияға қарсы кандидат-вакциналардың ішінде Қазақстанда шығарылған 5 кандидат-вакцина бар. Біріншісі — ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі –БҚП ҒЗИ) әзірлейтін, клиникалық зерттеулер сатысындағы белсенді емес вакцина. Сонымен қатар:
1) Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо (АҚШ) штатының университетімен бірлесіп;
2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
3) М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы;
4) БҚП ҒЗИ-мен әзірленетін және клиникаға дейінгі зерттеулер сатысында тұрған тағы төрт суббірлікті вакцина.
- В интернете распространяются слухи о массовом чипировании населения посредством вакцинации. Насколько это правдоподобно?
Ответ: Ни одна вакцинация в Республике Казахстан не предполагает никакого чипирования людей. Перед тем, как получить прививку, каждый человек имеет право ознакомиться с инструкцией, где дана информация о составе вакцины.
- Интернетте вакцинация арқылы халықты жаппай чиптеу туралы қауесеттер таралуда. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды?
Жауап: Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамдарды ешқандай чиптеуді көздемейді. Егуді алу алдында әр адам вакцинаның құрамы туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы.
- Почему вакцину от коронавируса разработали так быстро?
Ответ: В период пандемии возникла острая необходимость в данной вакцине. Разработка вакцин от COVID-19 проходила в условиях крайней срочности на фоне массового заражения и гибели людей от коронавирусной инфекции во всем мире. Кроме того, фармацевтические компании вложили значительные ресурсы в быструю разработку вакцины из-за глобальности проблемы. Но скорость, с которой она была произведена, совсем не означает, что компании обошли стороной протоколы безопасности.
Что касается конкретно вакцины «Спутник V», то в НИЦЭМ им. Гамалеи, где она была создана, опирались на предыдущие разработки. Еще до пандемии Центр открыл технологическую платформу для создания вакцин и препаратов против РНК-содержащих оболочечных вирусов, к которым относится и коронавирус SARS-CoV-2.
- Неліктен коронавирустық вакцина осыншалық тез жасалды?
Жауап: пандемия кезінде бұл вакцинаға шұғыл қажеттілік туындады. CОVID-19 вакциналарының жасалуы бүкіл әлемде коронавирустық инфекциядан жаппай инфекция мен өлім жағдайларына байланысты өте шұғыл жағдайда жүргізілді. Сонымен қатар, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам жасалуы компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өткенін білдірмейді.
«Спутник V» вакцинасына келетін болсақ, оны жасап шығарушы Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы алдыңғы құрылған дамуларға сүйенді. Орталық пандемиядан бұрын-ақ SARS-CoV-2 коронавирусын қамтитын РНҚ-ы бар қабықшалы вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.
- Побочные проявления?
Ответ: Нежелательные явления, характерные для применения вакцины, выявленные в рамках клинических исследований, а также исследований других вакцин на основе аналогичной технологической платформы, бывают преимущественно легкой или средней степени выраженности, могут развиваться в первые-вторые сутки после вакцинации и разрешаются в течение 3-х последующих дней. Чаще других могут развиться кратковременные общие (непродолжительный гриппоподобный синдром, характеризующийся ознобом, повышением температуры тела, артралгией, миалгией, астенией, общим недомоганием, головной болью) и местные (болезненность в месте инъекции, гиперемия, отечность) реакции). По данным российских коллег НППИ к вакцине КВИ были зарегистрированы у 6% вакцинированных.
- Жағымсыз көріністер?
Жауап: клиникалық зерттеулер, сондай-ақ ұқсас технологиялық платформа негізінде басқа вакциналарды зерттеу шеңберінде анықталған вакцинаны қолданудан жағымсыз әсерлер көбінесе жеңіл немесе орташа біліну дәрежесінде болады, бұл жағдай вакцинациядан кейінгі бірінші-екінші тәулікте дамуы мүмкін және келесі 3 күн ішінде қалыпты болып табылады. Көбінесе қысқа мерзімді жалпы (қалтырау, дене температурасының жоғарылауымен сипатталатын қысқа тұмау тәрізді синдром, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы) және жергілікті (инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну) реакциялары дамуы мүмкін. Ресейлік әріптестерінің айтуынша, вакцинацияланғандардың 6%-ында КВИ вакцинасына ИКҚК тіркелген.
- От чего зависит уровень антител к КВИ?
Ответ: От иммунного статуса и индивидуальных особенностей человека, в том числе способности выработки защитных белков в организме.
- КВИ-ге антиденелердің деңгейі неге байланысты?
Жауап: иммундық күйге және адамның жеке ерекшеліктеріне, оның ішінде денеде қорғаныш ақуыздарын шығару қабілетіне байланысты.
- Нужно ли вводить второй компонент вакцины, если человек все же переболел коронавирусом между введениями?
Ответ: Такой человек будет оцениваться как переболевший COVID-19, а значит проведение вакцинации возможно не ранее 6 месяцев после заболевания. Если человек между вакцинациями заболел другим инфекционным заболеванием, например ОРВИ, то вторую прививку следует сделать не через 21 день после первой, а спустя 2 недели после выздоровления. Если это был все-таки COVID-19, то от введения второго компонента вакцины сразу после болезни нужно воздержаться.
- Егер адам екі кезеңнің арасында коронавируспен ауырса, вакцинаның екінші компонентін енгізу керек пе?
Жауап: мұндай адам covid-19 инфекциясымен ауырушы ретінде бағаланады, яғни вакцинацияны аурудан кейін 6 айдан соң жүргізуге болады. Егер вакцинация кезеңдері арасында адам ЖРВИ сияқты немесе басқа жұқпалы аурумен ауырса, онда екінші вакцинация біріншіден 21 күн өткен соң емес, сауығып, қалпына келгеннен кейін 2 аптадан кейін жасалуы керек. Егер бұл CОVID-19 болса, онда вакцинаның екінші компонентін аурудан кейін бірден енгізуден сақтану керек.
- А может ли быть Ковид между дозами?
Ответ: Специалисты Всемирной организации здравоохранения напоминают также о том, что после первой прививки до второго этапа вакцинации нужно минимизировать контакты с людьми и соблюдать все профилактические меры. Иммунитет вырабатывается постепенно, поэтому между этими этапами человек не защищен, уязвим. Он может заболеть коронавирусом.
- Дозалар арасында Ковид болуы мүмкін бе?
Жауап: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бірінші вакцинациядан кейін вакцинацияның екінші кезеңіне дейін адамдармен байланысты азайту және барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет екенін еске салады. Иммунитет біртіндеп дамиды, сондықтан осы кезеңдер арасында адам қорғалмаған, осал болады. Ол коронавируспен ауыруы мүмкін.