Жетістіктер

Колледждің әрбір оқу жылындағы басты бағыты –  тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы бағытта, колледж ұжымы – жастардың жан-жақты дамуына аянбай еңбек етуде.

Білім көкжиегінде елеулі орны бар білім ордасы – талай жастарды өмірге қанаттандырып, өзіндік айқындамасы бар нағыз азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңіруде. Осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып отырған колледж оқытушылары үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. 

Колледждің әрбір оқу жылындағы басты бағыты –  тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы бағытта, колледж ұжымы – жастардың жан-жақты дамуына аянбай еңбек етуде.

Білім көкжиегінде елеулі орны бар білім ордасы – талай жастарды өмірге қанаттандырып, өзіндік айқындамасы бар нағыз азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңіруде. Осы бағытта жүйелі жұмыс атқарып отырған колледж оқытушылары үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. 

2023 жыл

9 қаңтар 2023 ж

Индустриалды-техникалық колледжінің 80 жылдығына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың тенденциялары мен перспективалары» тақырыбында ТЖКБ ұйымдары студенттерінің арасында өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Жол-көлік колледжінің оқытушысы Баймуханова Шолпан Өтепқызының жетекшілігімен Жол-көлік колледжінің студенті Мүсірәлі Дінмұхаммед жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

09 ақпан 2023ж. Жол-көлік колледжінде автомобиль жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету салалары бойынша колледж оқытушылары арасында «Үздік шебер – 2022» байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сарапшылары марапатталды. Арнайы пән оқытушылары тартылған жеребе бойынша топ-топтарға бөлініп, өз пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, автомобиль жөндеу, автомобиль қозғалтқышын бөлшектеп қайта құрастыру, автомобильді компьютерлік диагностикадан өткізу секілді кезеңдерден өткен болатын.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орындарды Нұрымов Бекназар және Өндірбай Нұрсұлтан, жүлделі екінші орындарды Нартбаев Олжас пен Иса Талғат, ал бас жүлдені Баумұратов Болат қанжығасына байлады.

10 ақпан 2023 ж

Таэквондодан «Fujairah Open G-2» халықаралық турнирінде 68 кг салмақ дәрежесінде САД9-211 тобының студенті Бақыт Еркебұлан жүлделі

ІІ орынға ие болды.

24 ақпан 2023 ж

Арнайы пән оқытушысы Атамбекова Мадина Бахтиярқызы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері инновациялық жұмыстарының Республикалық конкурсында ІІ орын иеленгені үшін оқу-ағарту министрлігінің арнайы Дипломымен марапатталды.

10 наурыз 2023 ж· 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты халыққа Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында өткізілген «Жастар саясаты – Үздік көшбасшы» атты республикалық байқауда колледждің САД9-201 тобының студенті Даниярбек Нұрсұлтан І дәрежелі дипломмен марапатталды.

11 сәуір 2023 ж. күні «Білімді жастар – болашақтың тірегі» тақырыбындағы үйірме апталығы аясында 10410200 – «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша «Кәсіп үздігі – 2023» байқауы өткізілді. Үздіктерді АО «Қазтеміртранс» Шымкент филиалының вагондық парк бөлімінің жетекші инженер-технологы Б.Алибаев бастаған сарапшылар тобы анықтады

13 сәуір 2023ж. Павлодар қаласында өткізілетін «ХХІІ Сәтбаев оқулары» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ конференциядан оқытушы Г.Саханованың жетекшілігімен колледж студенті Лейман Станислав

І орынды қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарымыз ары қарай Ресей Федерациясы Саратов қаласында өтетін «Студент-Наука-Техника» ғылыми-практикалық студенттік конференцияға қатысу үшін сапар шекті. Ол жақтан да жүлделі оралыңыздар!

19 сәуір 2023ж. Ресей Федерациясы Саратов қаласында өткен «Студент-Наука-Техника» ғылыми-практикалық студенттік конференциядан оқытушы Г.Саханованың жетекшілігімен колледж студенті Лейман Станислав І орынды қанжығасына байлады.

21 сәуір 2023ж. Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай М.Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжінде ұйымдастырылған «Махамбет поэзиясы – ұлтына ұран болған рухы биік поэзия» тақырыбындағы қалалық колледждер арасында өткен тарихи-әдеби кешіне қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.Айнакулованың жетекшілігімен белсене қатысқаны үшін колледж студенті Базаралы Диас марапатталды.

2 мамыр 2023ж. Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай Жамбыл облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Шыңғыс Айтматов әлемі» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен республикалық Айтматов оқуларының көркемсөз оқу бағыты қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.Қалдыбаеваның жетекшілігімен белсене қатысқаны үшін колледж студенті Тоқбергенов Саят марапатталды.

Жол-көлік колледжінің ІІ курс, ОПУАТ-9-221 топ студенті Андреев Андрей Алматы қаласында 2023 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында өткен балалар спорт мектептері мен интернаттары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіл атлетиканың найза лақтыру түрінен жүлделі ІІ орынға ие болды.

9 қазан 2023 жыл

2023-2024 оқу жылында Жол-көлік колледжінде дәстүрге айналған «Жылдың үздік циклдік комиссиясы» және «Үздік рейтинг иегерлері» анықталынып, кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сый-сияпаттары тарту етілді.

«Жылдың үздік циклдік комиссиясының» ауыспалы Кубогын Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясы кафедрасы ұтып алды.

9 қазан 20023 ж. Жол-көлік колледжінің ІІІ курс, ТМ-9-211 топ студенті Сапаралиев Сакен Алматы қаласында өткен халықаралық «JETKUNE DO PROFFESSIONAL» жекпе-жек сайысының І-орын иегері атанды.

20-21 қазан 2023 ж

Жол-көлік колледжінің оқу-тәрбиелік комиссиясы шешімінің 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қорытындысымен дәстүрге айналған «ОЗАТ ТОП» рейтингісі анықталды. Рейтинг нәтижесі бойынша топтар арасынан бір жыл бойы сабаққа қатысымы, сабақ үлгерімінен жоғары ұпай жинаған, барлық іс-шараларға жауапкершілікпен белсене қатысқан ОПУАТ-9-221 топ оқушылары (топ жетекшісі: А. Тулюмбетова) 2023 жылдың 20-21 қазан күндері көршілес Өзбекстан Республиканың Ташкент қаласына саяхаттады.

24 қазан 2023 ж.

Шымкент қаласының білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК базасында Шымкент қаласындағы колледждерде «Sanaly urpag» клубтарының қалалық слетінің бағдарламасы аясында орта арнаулы оқу орындары арасында шахмат ойыны өтті.

Жол-көлік колледжі жүлделі ІІІ орынды иеленді. Шахматтан жаттықтырушы Жол-көлік колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушысы Қанат Жаңабаев Алғыс хатпен марапатталды.

17.11.2023

Жол-көлік колледжі 17 қараша – Халықаралық студенттер күнін ерекше атап өтті. Іс-шараның салтанатты бөлімін колледж директоры Г. Ү. Искакова құттықтау сөздерімен ашты. Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, топ басшыларға студенттік билеттер мен символикалық «білім кілтін» табыстады. Жастар ресурстық орталығының Алғыс хаттарымен белсенді оқушыларды марапаттады. 2023-2024 оқу жылында қабылданған студенттері үшін өткізілген дәстүрлі «Өнерлі өрге жүзер» байқауының қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІ дәрежелі Диплом, Алғыс хат, номинациялармен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етті.

20.11.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа Жағдайдағы Қазақстан: «Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру (бұқаралық спортты дамыту) аясында 2023 жылдың 6-қараша-14 желтоқсан күндері аралығында студенттер арасында өткен спартакиада жарысында Жол-көлік колледжінің командасы футболдан ІІ орын алды.

20.11.2023

2023 жылдың 6-қараша-14 желтоқсан күндері аралығында Шымкент қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткен спартакиада жарысында жеңіл атлетикадан екі спортшымыз жүлделі орын алды.

Атап айтқанда- салмағы 7 кг ядро лақтыруда(10 м 02 см)- ІІ ОРЫН Андреев Андрей (ОПУАТ 9-221) және 600 м жүгіруде (2:25:00) – ІІІ ОРЫН Ибадулла Шұға (ОДД 9-232) иеленді.

24.11.2023

Астана қаласында 23-25 қараша күндері аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өткен Республикалық “WorldSkills Kazakhstan-2023 VIII” чемпионатында ”Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету” құзыреттілігі бойынша Жол-көлік колледжінің студенті Айтбай Өткір Хамитұлы (жетекшісі – Турсынбаев Ержан) жүлделі ІІІ орынды иеленді.

2022 жыл

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 175 жыл толуына орай орта арнаулы оқу орындары арасында өткен спартакиада жарысында шағын футболдан Жол-көлік колледжінің командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз! Бірігіп алар асуымыз көп болсын!

Жол-көлік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мөлдір Әбдіханқызы Садырбай Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік жас педагог» төсбелгісімен марапатталды. Жеңімпазды құттықтаймыз! Алар асуыңыз көп болсын, Мөлдір Әбдіханқызы!

Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша Жол-көлік колледжі қосқан жүйріктер тамаша табысқа қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Ильяс Құттыбай Қиясұлы – «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу», Битанов Айталы Мейрамбекұлы – «Шанақ жөндеу», Қалдарбек Бақтияр Бауыржанұлы – «Автокөлікті бояу», Сейлхан Данияр Досымұлы – «Темір жол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару» құзыреттіліктері бойынша І орынға ие болса, Корчубаев Фахрухжан Муратжанович – «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу», Сапаров Сәуірбек Нартайұлы – «Жүк көлігіне қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІ орынды, Курманали Досымжан Асильханұлы – «Жүк көлігіне қызмет көрсету», Джарилқосимов Жанполат Асқар Уғли – «Шанақ жөндеу», Уразалиев Асилбек Талгатович – «Автокөлікті бояу», Қалмырза Ақберген Ғалымжанұлы – «Инженерлік графика CAD» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздардың республикалық чемпионатта чемпион болуларын тілейміз! Жол-көлік колледжі, алға!

15.11.2022ж. Республикалық жұмыс берушілер күніне орай Жол-көлік колледжінде «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы өткізілді. Жұмыс берушілер мен қадірменді қонақтар колледж студенттері дайындаған көрмені тамашалаудан бастады. 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы көлік және байланыс саласы бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсында Жол-көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы Тұрсынбаев Ержан Орынтайұлы жүлделі үшінші орынға ие болды.  21.11.2022ж.  Жүлдегерді Шымкент теміржол вокзалынан колледж ұжымы салтанатпен күтіп алды. 22.11.2022ж. колледж директоры Гүлзат Үкібайқызы қабылдап, Ержан Орынтайұлын жүлдесімен құттықтап, келешекте бұдан да биік белестерден көріне беруін тіледі. Жүлдегерді құттықтаймыз! Бірге алар асуларымыз көп болсын, Ержан Орынтайұлы!

 

 2021 жыл

2021 жылдың 26 ақпанында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты колледжде «Мамандығым-кәсібім» тақырыбында онлайн және офлайн форматта студенттердің  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Халықаралық деңгейде өткен конференцияға ҚР БжҒ министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбековна, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы, «WorldSkills Kazakhstan» қозғалысын дамыту департаментінің директоры Татибеков Санжар Меирханович, сонымен қатар Жол-көлік колледжінің өзара әріптестік тәжірибе алмасу мақсатында Меморандумға тұрған шетелдік әріптестеріміз – Өзбекстан Республикасынан «Ташкент автомобиль жолдары»  техникумы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Миршахуджаев Сабит Абиджанович  пен  Қырғызстан Республикасынан  Бішкек қаласындағы № 97 кәсіптік  теміржолшылар лицейінің директоры Пусурманкул  Айзат ханым онлайн форматта қатысып, баяндамаларын оқыды. 

Халықаралық конференцияға Ресей Федерациясынан Ковров транспорттық  колледжі, Новосибирск теміржол көлігі техникумы, Самара мемлекеттік жоғары университеті және ҚР ТжКББ ұйымдары – М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясына қарасты Ақмола колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінен, сонымен қатар Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты ТжКББ ұйымдарынан студенттер қатысып, ғылыми жобаларын қорғады. Аталмыш халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан колледж студенті Сатылхан Диас жүлделі І орынға ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды.

2020 жыл

04.11.2020ж. күні Кәсіби құзыреттіліктерді дамыту, жоғары кәсіби білікті мамандардың беделін жоғарылату және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында өтетін «WORLDSKILLS» чемпионатына 2017 жылдан бері қатысып, жүлделі орындар иеленіп, биіктерден көрініп келе жатқан колледж студенттері 26-29 қазан күндері өткен «WORLDSKILLS SHYMKENT-2020» өңірлік чемпионатында да жеңіске жетті. Аталмыш чемпионат сарапшыларының қорытындысы бойынша колледж студенттері:

Тасқұл Еркебұлан Қалжанұлы – «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды;

Умирзаков Елдос Жанболатұлы – «Шанақты жөндеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды;

Келдібаев Олжасбек Ерланұлы – Инженерлік графика CAD (автоматтандырылған жобалардың жүйесі)» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды;

Елемес Алмас – «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша жүлделі IIІ орынды иеленді.

 Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастырған қалалық «Үздік оқытушы – 2020»  байқауына колледжішілік аталмыш байқаудан жүлделі І орынға ие болған «Техникалық механика негіздері» пәнінің оқытушысы Сарсенова Маржан қатысып, Бас жүлдеге ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды.

ШҚ Білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР БжҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Қазақстанның футбол федерациясының «Студенттік қыздар футзал лигасының» 2019-2020 оқу жылына жасаған жоспарына сәйкес, студент қыздар арасында футзал жарысында колледждің қыздар командасы (команда бапкері С.Уртаев) жоғары нәтиже көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды. 

Шымкент қаласы Индустриалды-техникалық колледжінің базасында өткен ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әбу Насыр Әл- Фарабидің педагогикалық мұралары» және «Рухани жаңғыру» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференцияда  колледж студенттері:

Соппек Аяжан Маратқызы  (ғылыми жетекшісі – А.Пернебекова) – І  дәрежелі Дипломмен;

Өтеген Ұлпан  (ғылыми жетекшісі – П.Балғабаева)  –І дәрежелі Дипломмен;

Сәрсенбай Бағдат Бекжігітұлы  (ғылыми жетекшісі – А.Айнакулова) –  ІІ дәрежелі Дипломмен;

Айтбай Құдияр  (ғылыми жетекшісі – Г. Саханова)  – ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, жүлделі орындарға ие болды.

Жол-көлік колледжінің  студенттері халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен «Ізденіс жолы» республикалық ғылыми-ақпараттық, педагогикалық журналының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні , 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекелеріне орай «ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК МЕКЕНІ» тақырыбында өткізілген  республикалық жас суретшілер байқауына қатысып, жүлделі І орындарды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды. 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу және оған төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жастар арасында ұйымдастырылған онлайн-конференция аясында Жол-көлік колледжінің студенті Нұрбекова Әсема ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен Муайтайдан жасөспірімдер және жастар арасындағы ҚР Чемпионатында колледж студенті Улджабек Арман  жеңімпаз атанып, І орын иеленді және арнайы Дипломмен марапатталды.

Халықаралық «Өрлеу – Өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен өткен «АЛТЫН ӘРІП» атты ұлағатты ұстаздарға арналған үздік байқауда  өзінің шығармашылығымен ерекше көзге түскен, білім беру  саласының өркендеуі жолында өз үлесін қосып жүрген, жүйелі жұмыстарымен үздік деп танылғаны үшін Жол-көлік колледжінің оқытушысы Ысырайыл Ұлжалғас Исаханқызы

жүлделі І орынға ие болып, арнайы ДИПЛОММЕН марапатталды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттері арасында өткен «Ғаламшарды бірге сақтайық» онлайн-акциясына қатысып, жоғары дәрежеден көрінген Жол-көлік колледжі ТМ 9-191 оқу тобының студенті Қарсыбай Рамазан Бахадырұлы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Каринованың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

16.09.2020ж. күні «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Әділдік, адалдық және парасаттылық» тақырыбында өткен қалалық конкурсқа Жол-көлік колледжінің студенті  Нұрбекова Асема Сәбитқызы қатысып,  «Үздік» деп танылып, арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

ҚР ҰҚП «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған республикалық  «Мен –  кәсіпкермін» Гранд турниріне  белсене қатысқан Жол-көлік колледжінің студенттері – Юсупов Дамир Даниярұлы мен Елеусіз Көркем Ержанқызы арнайы Мадақтамамен марапатталды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық саулық күніне арналған «OI – ZEREK» психологиялық сайысына Жол-көлік колледжінің педагог-психологі Т.Н.Мұса қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды және арнайы ДИПЛОММЕН марапатталды.

2019 жыл

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы және «SMART-maman» – мамандарды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығының ұйымдастыруымен оқытушылардың мемлекеттік тілді оқытудағы инновациялық идеяларды қолдау, сандық технологиялар арқылы қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатында орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында өткен «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ-2019» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Нұрсейітова Фариза Жұмаханқызы қатысып, жүлделі II орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

Шымкент қаласының білім басқармасы ұйымдастыруымен білікті, бағдарлы және деңгейлі дайындығы бар шығармашыл, жаңалықтарды дамыту бойынша ерекше идеялармен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау мақсатында өткен «Үздік педагог-2019» байқауына арнайы пән оқытушысы Торыжанов Бауыржан Абайұлы қатысып, жүлделі II орынды иеленді.

Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мұғалімдер арасында «Best Teacher-2019» байқауға  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жұмашбекова Дариға Шаймерденқызы қатысып, жүлделі III орынға ие болып,  арнайы Дипломмен марапатталды.

Шымкент қаласында SILKWAY Халықаралық  Университеті, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» қоры  ұйымдастырып өткізген «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы IT технологиялары мен робот техникасының заманауи ғылыми әлемі» студенттерге және жас зерттеушілерге арналған I ашық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледж студенті ҚАНТӨРЕ Нұржан  белсене қатысып, «Робот техникасы» номинациясы бойынша ЖЕҢІМПАЗ атанды және қоғамдық қордың Президенті А.И.Джулекенов пен SILKWAY Халықаралық  Университетінің Президенті М.Б.Юнусовтың арнайы Дипломымен марапатталып, СЕРТИФИКАТқа ие болды.

 «WorldSkiills Kazakhstan-2019» V республикалық ұлттық чемпионатының «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орын – алтын медаль  иегері, колледж студенті  Егемберді Дидар Құрманғазыұлы Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен өткен «Үздік жастар Премиясы-2019» байқауына қатысып, «Үздік ОАОО студенті» номинациясын ұтып алып, Шымкент қаласы әкімі Е.Қ.Айтахановтың арнайы Дипломымен марапатталып, «50 000» теңге Сертификатын иеленді. 

2019 жылғы 15-16 қазан күндері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында футбол және волейбол ойындарынан өткен турнирде ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ  студенттерінің құрама командалары: футбол ойыны бойынша (ер балалар құрама командасы) – жүлделі І ОРЫН,  волейбол  ойыны бойынша (қыз балалар құрама командасы) – жүлделі ІІІ ОРЫНға ие болып, арнайы Дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

13.04.2019ж. күні Түркістан сарайында  Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Отан-деп соғады жүрегім!»  атты патриоттық әндер фестиваліне Жол-көлік колледжінің студенттері А.Жарылқасын, Ә.Нұрбекова, А.Пәрінбек қатысып, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» консерттік ұйымы» МКҚК-ның директоры     С.Есболовтың  арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

17.05.2019ж. күні Шымкент қаласының білім басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  «2019 жыл – Жастар жылы» аясында  ТжКББ ұйымдарының арасында «Адал – жас ұрпақ» тақырыбында қалалық патриоттық ән байқауы өтті. Аталмыш ән байқауына  қатысқан колледж студенттері Жарылқасын Аружан «БАС ЖҮЛДЕ», Оразахун Сырым жүлделі I орын иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды, сонымен қатар, колледж студенті Пәрімбек Айбек арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2018 жыл

ОҚО Білім басқармасы, ОҚО әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік көптілді арнайы пән оқытушысы» атты облыстық байқауға арнайы пән оқытушысы Бекмуратова Ұлжан Жақсыбаевна қатысып, жүлделі III орынды иеленіп, арнайы Диполммен марапатталды.

03-07.12.2018ж. күндері аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan -2018» республикалық төртінші чемпионатына «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету», «Инженерлік графика CAD (автоматтандырылған жобалау жүйесі)», «Шанақ жөндеу» құзіреттіліктері бойынша колледж студенттері қатысып,  кәсіби шеберліктері бойынша бақ сынасты. Сайысқа қатысқан 350-ге жуық үміткердің ішінен колледж студенттері:  «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша – Бектан Ерасыл, «Шанақ жөндеу» құзіреттілігі бойынша –Умирзақов Жандос, жүлделі II орындарды иеленді. ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова жеңімпаздарға өз құзіреттіліктері бойынша марапаттарын табыс етті. 

Маңғыстау облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен қыздар арасындағы дзюдо күресінен VIII Халықаралық турнирге колледж студенті Қолдас Роза қатысып, жүлделі II орынды иеленіп, арнайы Мадақтама қағазымен марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, «Жас дарын» Республикалық аспапта ойнау және дәстүрлі әншілер байқауына колледж студенті Оразахун Сырым қатысып, «Эстрада» жанры бойынша жүлделі III орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар премиясы» атты жастар байқауында «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы» номинациясын колледж студенті Жаңабай Заңғар Өсербайұлы  иеленіп, Шымкент қаласының Әкімі Ғ.Әбдірахымовтың арнайы Дипломымен марапатталды.

Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жастарға арналған «ZHASTAR ONLINE» телевизиялық жобасына колледж студенттері қатысып,  облысық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Б.Дүйсебековтың арнайы  Алғыс хатымен марапатталды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу аясында «Киелі жерлер– тарихымыздың рухани құндылығы» атты республикалық ғылыми-танымдық жобалар байқауына колледж студенті Нұрлан Мұсабек  қатысып, арнайы Сертификатқа ие болып, Алғыс хатпен марапатталды.

Панкратионнан спорт шебері, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы  колледж студенті, Марданбай Тұрсын Файзуллаұлы  аралас жекпе-жек I ашық турнирінің жеңімпазы атанып, Арена Кубогын иеленді және арнайы Дипломмен марапатталды. 

2017 жыл

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтын 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы және әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткен спорттық спартакиадаға Жол-көлік колледжінің оқытушылары қатысып, жүлделі ІІ орын иеленіп, арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

ОҚО әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Түркістан техникалық-гуманитарлық колледжінде өткен «Үздік топ жетекшісі – 2017» облыстық байқауында электротехника пәнінің оқытушысы Ходжаева Гульнур Тураровна жүлделі ІІ орынға ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды.

ОҚО әдістемелік кабинетінің  «Үздік сабақ жоспары» облыстық сырттай байқауында біліктілік пен белсенділік танытқаны және үздік тәжірибесі мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін информатика пәнінің оқытушысы Молдабекова Тұйған Ергенқызы жүлделі ІІ орынға ие болып, арнайы   Дипломмен марапатталды.

  облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің дене шынықтыру мұғалімдері арасында өткен «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – 2017» облыстық байқауында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Уртаев Сержан Маханбетович  «Креативті ұстаз» номинациясына ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің білім алушылары арасында өткізілген «Жыл шебері – 2017» аймақтық чемпионатына «Инженерлік графика AutoCAD» саласы бойынша колледж студенті Жолдасбай Бақберген қатысып, І орынға ие болып, арнайы І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды  және Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2017»  республикалық чемпионатта ІV орынды иеленіп, арнайы сертификатпен марапатталды.

 Қостанай қаласында 2-5 мамыр аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan -2017» ұлттық республикалық чемпионатына «Жеңіл авткөліктерге қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша колледж студенті  Тлеухан Дінмұхамед Досжанұлы қатысып, жүлделі  ІІ орынды иеленді және чемпионаттың арнайы Күміс медалі табыс етіліп, Дипломмен марапатталды.

Шымкент қаласында еркін күрестен 30.10-03.11 күндері өткен С.Рахимовты еске алуға арналған халықаралық жарыста колледж студенті Сейлбек Бақдаулет жүлделі ІІ орынға ие болды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған облыс әкімінің «Үздік жастар премиясы» облыстық жастар сыйлығының конкурсына колледж  студенті Қантөре Нұржан қатысып, облыс әкімінің арнайы Дипломымен және  «100 000 теңге» Сертификатымен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Шымкент қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, қомақты үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастарға тапсырылатын Шымкент қаласы әкімінің «Үздік» жастар премиясының «Үздік жас әнші» номинациясына  колледж студенті Жарылкасынова Аружан Қанатбекқызы ие болып, арнайы Дипломмен және бағалы сыйлық – ноутбукпен марапатталды. 

Астананың 20 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласының арнаулы орта оқу орындарының арасында өткен 33-ші спартакиада бағдарламасындағы шахмат жарысына  колледж студенттері Е.Оңғар, А.Сәрсенбай, Д.Алякбаров, М.Сейсенбайқызы қатысып, жүлделі III орын иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

2016 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаңа дәуірдегі жаңа инновациялар» тақырыбындағы студент жастардың облыстық ғылыми-практикалық конференциясына колледж студенттері қатысып, АТУЖТ 9-132 тобының студенті  Кульшарипова Айғаным жүлделі І орынды, САД  9-131 тобы студенті  Әмір Айбек жүлделі ІІ орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Шымкент  қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен  мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау,  халық арасынан  талантты жастарды іздеп табу және олардың көркемсөз оқу  өнеріне  – деген  қызығушылығын арттыру мақсатында славян тілдес өзге этнос өкілдері арасында өткен «Көркемсөз оқу шеберлерінің»  байқауына колледж студенті Пак Екатерина  Эрсеновна қатысып, жүлделі І  орынды иеленді.  

Шымкент  қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында өткізілген форумында  колледж студенті Пак Екатерина Эрсеновна мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында өткен  колледж студенттері арасындағы мазмұндама жазудан сайысқа қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алып, арнайы ДИПЛОММЕН марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» атты облыстық сурет байқауына колледж студенті Бағдаулет Салтанат қатысып, жүлделі  ІІІ орын  иеленіп, ОҚО Білім басқармасының басшысы Қ.Құлажановтың арнайы Грамотасымен марапатталды.