Оқуға құштар колледж

Кітапхана іс-шаралар жоспарын колледж директоры бекітеді,  сол жоспарға сәйкес кітапханалық қызмет көрсетіледі. Оқу залында оқырмандарға қызмет көрсету үшін 4 компьютерлер орналасқан және интернет желісіне қосылған.

          Оқу залында оқу-тәрбие процесіне арналған «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты үлкен кітапханалық көрме ұйымдастырылған. Көрмеде Ата заң, ҚР-ның рәміздері, Елбасының Жолдаулары, «Қазақ Елі –Мәңгілік»,                          «Ел ертеңі бүгіннен басталады», «Оңтүстік туған-өлкем», «Оқуға құштар колледж», «Өткен күн кешегі – тарих», «Сөздіктер мен анықтамалар» – деген айдарлар бар. Барлық жинақ материалдары мұғалімдер мен оқушыларға оқу-тәрбие процесінде көмекші құрал болуға бағытталған.  

         Колледж профиліне, оқу жоспары мен  бағдарламасына сәйкес 2023-2024 оқу жылында да  кітап қорын толықтыру процесі жалғасын табуда.  Кітапхана  қорына оқу процесінде пайдалану үшін техникалық сипаттамаға сәйкес қазақ және орыс тілінде 1315 кітап, көркем әдебиеттен 141 кітап алынды.

2023 жылдың 12 қыркүйегінен 21 қыркүйегі күні аралығында «Жол-көлік колледжінің» кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасының аясында  «Кітапхана – табыс мекені» атты ашық есік күні өткізілді. Сонымен қатар  буккроссинг аймағы мен QR кодталған кітаптармен жұмыс жасау тәсілімен таныстырылды.

2023 жылдың 28 қыркүйегінде “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапхана  оқу залында «Біз – оқуға құштар буынбыз» тақырыбында колледж жастар комитетінің төрағасы Ф.Нурсеитованың ұйымдастыруымен  ТМ 9-237 топ студентері волонтерлық қозғалыс жасады. А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңі талқыланды.

2023 жылдың 11 қазанында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Г.Байназарова, арнайы пән оқытушылары М.Атамбекова, А.Мамырханова және АТУЖТ-9-231, ОДД 9-232 топ студенттері бірлесіп студенттердің зияткерлік-танымдық қабілеті мен кәсіби білімін арттыру мақсатында  ұйымдастырылған «Оқу көшбасшысы» әдеби викториналық сайысы өткізілді. Сайысқа АТУЖТ-9-231, ОДД 9-232 топтары катысты.  Нәтижесінде 1 орын – ОДД 9-232 топ студенті Кожахамет Нұрасыл,  

2орын- АТУЖТ-9-231 топ студенті Райсбек Ермахан, 3орын-АТУЖТ-9-231 топ студенті Баймахан Алихан жеңіске жетіп, марапатталды.

2023 жылдың 24 қазанында кітапхана оқу залында  “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында  Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай, өзін – өзі басқару күні өткізілді.

2023 жылдың 28 қарашасында  кітапхана оқу залында  “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында «Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын!» тақырыбында қазақ тілі пәнінің оқытушысы С.Болысбаева  АЭ 9-234 топ студенттерімен М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай әдеби кейс іс-шарасы өткізілді.

2023 жылдың 5-15 желтоқсан аралығында  “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында «Менің үйдегі кітапханам» тақырыбында бейнероликтер конкурсы ұсынылды. Кітапхана меңгерушісі Г.Байназарова және ағылшын пәнінің оқытушысы Д.Жумашбекова ұйымдастырды. Байқаудың шарты: қатысушы өзінің үй кітапханасынан, бір кітап туралы қысқаша шолу жасап, сүйікті бір туындысынан үзінді мәнерлеп немесе жатқа оқуы тиіс.        

Қорытынды бойынша І орын – ТМ 9-233 тобы топ жетекшісі- М.Әкім ,                           ІІ орын – АЭ 9-232 тобы топ жетекшісі- В.Бердалы,АЭ 9-234 тобы топ жетекшісі С.Болысбаева, ІІІ орын – ТҰРАТ 9-231 тобы топ жетекшісі-А.Айнақұлова, САД 9-231тобы топ жетекшісі – Д.Жумашбекова иеленді. Барлық қатысушылар марапатпен марапатталды.

2023 жылдың 28 желтоқсанында  кітапхана оқу залында  “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында «Отан тарихы әдебиеттерде» тақырыбында оқытушылар Л.Бердіқұлова , А.Бекболат және ЖМ 9-231, ТМ 9-233 топ студентерімен бірге оқырман конференциясы өткізілді. Өтілген шараға байланысты тақырыптық көрме дайындалды. Тарих пәнінің оқытушысы Л.Бердіқұлова кітап көрмесіне қойылған Қазақстанның тарихы туралы кітаптарға сипаттама беріп өтті.

2024 жылдың 24 қаңтарында кітапхана оқу залында  “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында «2023 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап!» тақырыбында арнайы пән оқытушысы М.Ермекова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.Айнакулова  және ТЖТҰР 9-221, ОПУЖТ 9-222  топ студенттерімен book-slam өткізді. Іс шараның мақсаты: ең сүйікті кітабын жарнамалап,студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Кітапхана тек оқушыларға ғана емес, оқытушыларға да білімін жетілдіріп отыруы үшін жұмыс істейді. 

Оқу залында мүмкіндіктің барлығы қарастырылған.

Кітапхана жаңалықтары