Ішкі тәртіп ережесі

Жол-көлік колледжінің

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

І.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 Осы ішкі тәртіп ережелері білім беру үдерісі барысында «Жол-көлік» колледжі мекемесінің білім алушыларының, қызметкерлерінің және Әкімшілігінің тәртібін, қызметін, мінез-құлқын, өзара іс-қимыл және қарым-қатынасын реттейді.

ІІ.ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 1.Колледждің күндізгі бөлімінің білім алушылары үшін оқу жылы                                1 қыркүйектен басталады, сырттай-қашықтықтан оқыту нысанының білім алушылары үшін 1 қазаннан басталады және тиісті мамандықтың оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне және оқыту нысанына сәйкес аяқталады.

2.Оқу жылы екі семестріне бөлінеді. Семестрдің, емтихан сессияларының, оқу, өндірістік (кәсіптік) практикалардың басталу және аяқталу мерзімдері оқу процессінің жиынтық кестесімен анықталады, оны колледж директоры әр оқу жылының басында бекітеді.

3.Колледжде оқу сабақтары қатаң кесте бойынша өткізіледі.

4.Білім алушылар оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, осы семестрдің оқу пәндері бойынша аттестаттаудың барлық түрлерін тапсырған жағдайда емтихан сессиясына жіберіледі.

  1. Колледж білім алушылары сабақ кестесіне сәйкес оқу жоспарында қарастырылған барлық оқу сабақтарына қатысуға міндетті. Білім алушыларға қатысу үшін топ жетекшісі жауап береді.

ІІІ.КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

 Білім алушылар құқығы:

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алу;
  2. колледждің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына шеңберінде оқыту;
  3. оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдау;
  4. колледж басқаруына қатысу;
  5. бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына немесе бір оқу нысанынан басқасына қайта қайта қабылдау және ауыстыру;
  6. колледжде ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  7. оқу залын, кітапхананы тегін пайдалану;
  8. өз пікір мен нанымды еркін білдіру;
  9. өз ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

10.оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермелеу және сыйақы беру;

11.колледж ұсынатын қосымша (оның ішінде ақылы) білім беру қызметтерін алу;

12.колледждің білім беру қызметінің мәселелерін талқылауға және шешуге,оның ішінде өзін-өзі басқару органдары және басқа да жастар қоғамдық ұйымдары арқылы қатысу;

  1. ҚР «Білім туралы» Заңымен және білім саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте колледж директорының шешімі бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша, сондай-ақ тиісті құжаттармен расталған басқа да ерекше жағдайларда академиялық демалыс алу;
  2. колледждің күндізгі бөлімінде оқу уақытында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру ҚР Әскери қызмет туралы Заңына сәйкес.

ІV. КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Колледж білім алушылары міндеті:

1.колледж Жарғысының талаптарын, колледж әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін, осы ережелерді орындау;

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, іскерлікті, практикалық дағдылар мен құзыреттілікті меңгеруге, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шартта көзделген ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті;
  2. өз денсаулығына қамқорлық жасау, рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;
  3. оқытушылардың, білім алушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, колледж дәстүрлерін құрметтеу;
  4. тиісті мамандық бойынша колледже іске асырылатын білім беру бағдарламаларының барлық талаптарын орындау (нормативтік мерзімде) ;
  5. оқытушылардың барлық талаптарын орындай отырып, оқу сабақтары кезінде тәртіпті сақтау;
  6. колледжде болу кезінде, сабақ кезінде де фирмалық аксессуарды кию;
  7. колледжге кірер кезде студенттік билетті күзет өкіліне және колледж бойынша кезекшіге көрсету;
  8. еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау;
  9. ауырған жағдайда топ кураторына және медициналық пункте белгіленген нысан бойынша медициналық мекеменің анықтамасын уақытылы ұсыну;
  10. колледж бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті сақтау;
  11. колледж мүлкіне ұқыпты қарау, мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілк және материалдық жауапкершілік;
  12. сабаққа дәлелді себеппен келмеген жағдайда куратордан алдын-ала хабардар ету және кейін ата-аналарынан анықтама немесе түсініктеме хат беру;
  13. топтағы кезекшінің міндеттерін орындай отырып, оқу үй-жайларындағы мүліктің тәртібін, тазалығын және сақталуын бақылау;
  14. колледж бойынша кезекшілікке және қоғамдық пайдалы еңбектерге қатысу;
  15. колледж білім алушылар киімнің іскерлік стилін сақтауы тиіс.

Сабақ кезінде білім алушыларға қойылатын талаптар:

  1. Оқу сабақтары кезінде оқытушы білім алушылардың тікелей басшысы болып табылады, колледж Жарғысына сәйкес білім алушының сабақтағы жүріс-тұрыс ережелеріне қойылатын талаптарды, оқыту әдістерін және формаларын анықтайды;
  2. Білім алушы сабақ басталғанға дейін 5 минут бұрын қажетті оқу құралдарымен оқу аудиториясында болуға міндетті;
  3. Білім алушы сабақ уақытында аудиториядан оқытушының рұқсатымен ғана шыға алады;
  4. Сабақ кезінде басқа білім алушыларды алаңдатпауға және сабақ тақырыбына байланысты емес қызметке өзіне алаңдауға болмайды;
  5. Сабақ кезінде білім алушы аудиторияда сырт киімсіз болуы тиіс;
  6. Сабақ басында білім алушылар оқытушыны өз жұмыс орындарында тұрып қарсы алады және оның рұқсатымен отырады. Осындай жолмен сабақ кезінде оқу аудиториясына кірген кез келген ересек адам сәлемдеседі.
  7. Білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін ішкі тәртіп ережелерінде және білім беру қызметін көрсету туралы шарттар көзделген зге де шаралар қолдануы мүмкін.

Колледж білім алушыларына тыйым салынады:

   1.оқу сабақтарын дәлелді себептерсіз жіберу;

   2.оқу сабақтары кезінде плеерлер мен ұялы телефондарды пайдалану;

   3.колледж ғимаратына айналадағылардың өмірі денсаулығына қауіп төндіретін заттар әкелу;

   4.колледж бөлмелерінде және колледж аумағында темекі шегу;

  1. колледжде мас күйінде болуға;

   6.колледж аумағында спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын қолдану және тарату;

   7.оқытушылар мен құрдастарының қатысуымен әдепсіз сөздерді қолдану;

  1. таласып-тартысу, ауыр сөздер айту;
  2. оқу сабақтары кезінде оқытушының рұқсатынсыз аудиториядан шығу;
  3. колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз зертханалардан, оқу және колледждің басқа да үй-жайларынан әр түрлі жабдықтар шығару;
  4. үй-жайларға және аумаққа жарылыс қауіпі бар және өрт қауіпі бар зарттарды енгізу;
  5. өте ашық киім, қысқа юбка, терең аяқтары бар киім, иық, арқа, бел және іш киім, спорттық костюм, ашық блузкалар, майкалар және шорттар,жағажай туфлилері (сланцы), «декоративті тесіктері» бар джинсы кию. 
  1. ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАР МЕН КӨТЕРМЕЛЕУ ЖҮЙЕСІ

 Оқу,оқу орнына тыс, қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттегі жетістіктері үшін колледж білім алушылары марапаттаудың келесі түрлеріне ұсынылуы мүмкін.

  1. Ауызша алғыс білім алушыларда оқу және оқу қызметінен тыс бір жолғы жетістіктері болған жағдайда жүргізіледі.
  2. Білім алушының жеке ісіне енгізумен колледж директорының бұйрығымен жарияланған алғыс білім алушыда оқу немесе оқу қызметінен тыс жүйелі табыстары болған жағдайда оқу жарты жылдығының қорытыныдысы бойынша жүргізіледі.
  3. Колледждің «Құрмет грамотасы» оқу жылының қорытындысы бойынша білім алушыларға оқу қызметіндегі жетістіктері және колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін беріледі.
  4. Білім алушының ата-аналарына «Алғыс хат» колледжің қоғамдық өміріне және бала тәрбиесіне белсенді қатысатын ата-аналарға беріледі. Оқу жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысында, дипломдарды тапсыру салтанатында тапсырылуы мүмкін.
  5. Кубок, вымпел тәрбие жұмысы шеңберінде колледжде өткізілетін команда (топқа) тұрақты сақтауға тапсырылуы немесе ауыспалы болуы мүмкін.

        Колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін (соның ішінде дәлелсіз себептермен оқу сабақтарын жүйелі түрде босатқаны) колледждің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша білім алушыларға келесі тәртіптік жаза шаралары қолдануы мүмкін:

Тәртіптік ықпал ету шаралары:

  1. Ауызша ескерту
  2. Ата-аналарды (18 жасқа толмаған тұлғаларға) хабарламамен ескерту
  3. Колледжден шығару.

Жаза қолдану кезінде жасалған әрекеттің ауырлығы, ол жасалған мән-жайлар, білім алушының алдындағы мінез-құлқы ескерілуі тиіс.

Жасалған әрбір теріс қылық үшін тек бір жаза қолданылуы мүмкін.Жазаны қолданғанға дейін бұзушы жазбаша түрде түсініктеме беуге тиіс. Тәртіптік жазаны құқық Кеңесі теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ білім алушының мауырған немесе каникулда болған уақытын жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қолдануға болмайды. Тәртіптік жазаны қолдану туралы бұйрық білім алушыға қол қойғызып, ата-анасын (18 жасқа толмаған тұлғаларға) жазбаша хабардар ете отырып,                   3 жұмыс күні ішінде жарияланады.

VІ. КОЛЛЕДЖДЕН ШЫҒАРУ

Білім алушыларкелесі себептер бойынша оқудан шығарылуы мүмкін:

  1. оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындамағаны үшін;
  2. оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен ұзақ уақыт бойы босатқаны үшін (сабақты дәлелесіз себептермен босатқаны үшін-48 оқу сағатына артық) семестр бойы;
  3. академиялық үлгермеушілік үшін;
  4. ішкі тәртіп ережелерін, білім беру қызметін көрсету туралы шартты және колледж жарғысын өрескел, бірнеше рет бұзғаны үшін,құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін;
  5. кәсіптік жарамдылығы туралы медициналық және басқа анықтамалар түрлерін ұсыну бойынша;
  6. оқуды жалғастырмауы (18 жасқа толған тұлғалар үшін);
  7. екі және одан да көп пән бойынша аттестаттаудың (аралық немес қорытынды) қанағаттанарлықсыз қорытындылары;
  8. колледж аумағында және бөлмелерде темекі шегу;
  9. оқу ақысын төлеу бойынша берешек;
  10. азғындық, мәдениетсіздік қылықтары;
  11. сот шешімі бойынша;
  12. алкоголь ішімдіктерін,уытты және есірткі зарттарын қолдану;
  13. (18 жасқа толған тұлғалар үшін).

Білім алушының жеке өтінішінде мынадай негіздердің бірі көрсетілуі тиіс:

  • отбасылық жағдайлар;
  • Жоғары оқу орнына түсу үшін;
  • тұрғылықты жерін ауыстыру;
  • ауыр материалдық жағдай және осыған байланысты жұмыс істеу қажеттілігі;
  • ауру;

Білім алушыны оқудан шығару колледждің педагогикалық кеңесінің шешімімен немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шешімімен (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін) жүргізіледі.

VІІ. ОҚУ ТОБЫНДАҒЫ ІШКІ ҰЙЫМ

Әрбір оқу тобында білім алушылар өз құрамынан старостаны бір оқу жылына сайлайды.

 Оқу тобының  топ басшысы міндеттері:

  1. Топ жетекшіге оқу тобын басқаруға көмек көрсету;
  2. Оқу тобында тәртіп пен тыныштықты сақтау;
  3. Барлық қоғамдық ұйымдарда, колледж бөлімшелері мен құрылымдарды білім алушылардың оқу,тәрбие,жұмыс және тұрмыс мәселелері бойынша өз оқу тобының білім алушаларының мүдделерін білдіру;
  4. Барлық сұрақтар бойынша оқу тобының әкімшілігімен және басқару органдарымен байланысын жүзеге асыру;
  5. Топ білім алушыларының күнделікті кезекшілік кестесін құру, оны сақтау, кезекшілердің іс-қимылдарын бақылау;
  6. Жетекшінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін топ жиналысының шешімімен ішкі тәртіп ережелерінің әрекетсіздігі немес өрескел бұзушылығы үшін өз міндеттерінен босатылуы мүмкін.Бұл жағдайда жаңа топ басшыны мерзімінен бұрын сайлау өткізіледі.

VІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ. 

  1. Осы Ереженің  күші колледж ғимаратында және аумағында орналасқан «Жол-көлік» колледжі мекемесінің барлық білім алушыларына сабақ уақытында да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады.
  2. Топ жетекші білім алушыларды оқу жылының басында ішкі тәртіп ережелерімен таныстыруға міндетті.
  3. Осы Ішкі тәртіп ережесі 1 қосымшадан тұрады.