Кітапхана

Колледж кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен  бекітілген. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларына  және колледж оқу бағдарламаларымен жоспарларына сәйкес  оқу-тәрбие процесін әдебиет және ақпаратпен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі.  

         Оқу залында оқу-тәрбие процесіне арналған «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты үлкен кітапханалық көрме ұйымдастырылған. Көрмеде Ата заң, ҚР-ның рәміздері, Елбасының Жолдаулары, «Қазақ Елі –Мәңгілік»,                          Ел ертеңі бүгіннен басталады,  «Оңтүстік туған-өлкем», «Адам-Жол-Көлік,Темір жол көлігі», «Оқуға құштар колледж», «Өткен күн кешегі – тарих», «Сөздіктер мен анықтамалар» – деген айдарлар бар. Барлық жинақ материалдары мұғалімдер мен оқушыларға оқу-тәрбие процесінде көмекші құрал болуға бағытталған.   Кітап қоры  2014 жылы 410 дана  (мемелекеттік және орыс тілінде) және 2015 жылы 280 дана (мемелекеттік және орыс тілінде) жалпы білім пәндері бойынша толықтырылды.  2016 жылы 7 дана (мемлекеттік тілінде) көркем әдебиеттері алынды.  Ал 2018 жылғы оқу жылында 2050 дана жалпы білім пәндері бойынша толықтырылды (мемелекеттік және орыс тілінде). 2019 жылғы оқу жылында 830 дана жалпы білім пәндері бойынша  толықтырылды (мемелекеттік және орыс тілінде). Ал 2020 оқу жылында пайдалану үшін 236 дана, қазақ және орыс тілінде аударылған шетелдік оқу әдебиеттерінен оқулықтар техникалық сипаттамаға сәйкес тегін қабылданды. Соның ішінде, КЕАҚ «Кәсіпқор» холдингінен 96 дана оқулық (мемелекеттік және орыс тілінде), «Фолиант» баспасынан 100 дана оқулық (мемелекеттік және орыс тілінде),»Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ –нан 40 дана оқулық (мемелекеттік және орыс тілінде).

2021-2022 оқу жылында да  кітап қорын толықтыру процесі жалғасын табуда. Кітапхана қоры  жаңартылған оқу бағдарламасы арнайы пән бойынша  175 (жүз жетпіс бес) данаға, жалпы білім пәндер бойынша175 (жүз жетпіс бес) данаға және көркем әдебиет бойынша 185 (жүз сексен бес)  данаға толықтырылды.

2022-2023 оқу жылында да кітапхана қоры   арнайы пән бойынша  620 (алты жүз жиырма) данаға, жалпы білім пәндер бойынша 68 (алпыс сегіз) данаға және көркем әдебиет бойынша 51 (елу бір)  данаға толықтырылды.

Қазіргі таңда кітапхана қоры 52 197 кітапты құрайды.

 

2018

2019

2020

2021

2022

2023

Кітап қоры

49066

49896

50137

50258

50923

52197

Оқулықтар

41166

41991

42232

42242

42907

43925

Арнайы пән оқулықтары

22376

22376

22612

22622

22637

23382

Жалпы білім беретін пән оқулықтары

18790

19620

19620

19620

20270

20543

Оқу әдістемелік әдебиеттер

782

787

787

787

787

807

Ғылыми әдебиеттер

905

905

905

905

905

905

Көркем әдебиеттер

6213

6213

6213

6324

6324

6560