Қамқоршылық кеңес

Жол-көлік колледжінде Қамқоршылық кеңес алғаш рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығы негізінде колледж директоры К.Т.Тойшиевтің 2009 жылдың 02 қыркүйегіндегі №3-4-150 бұйрығымен құрылып, кеңес құрамы бекітілген болатын.

ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 44-бабы, 9-тармағына, ҚР БжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 6-тармағына және «Жол-көлік колледжі» МКҚК-ның 2020 жылғы 12 қазандағы №01-03-547 сұраныс хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваның №387 бұйрығымен колледждің Қамқоршылық кеңесі жаңа құрамда қайта құрылып, бекітілді.

Қазіргі таңда колледждің Қамқоршылық кеңесі өз жұмысын ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде бекітілген білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын негізге ала отырып, жұмыс жүргізеді.

Жол-көлік колледжінде Қамқоршылық кеңесінің отырысы  тоқсан сайын өткізіледі. Отырысқа колледж директоры Г.У.Искакова қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты мәлімет беріп отырады.  Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты карантиндік талаптар қойылғанға дейін тоқсан сайын өтілетін кеңес отырысының кезекті мәжілістері  ZOOM бағдарламасы  бойынша өтіп отырды.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол – көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қамқоршылық кеңесінің құрамы

Жаңалықтар топтамасы