02.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларының алдын алу мақсатында бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің қызметкері С.Қ.Алимов пен Жастар орталығының Психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу бөлімінің басшысы Ж.Қамбар қатысты. Бірыңғай «Адалдық сағатына» колледждегі «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің мүшелері белсене атсалысты.