Дебат сайысы өтті
13. 05.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Бұл палата шет елде білім алуды қажет деп есептейді» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Оқытушылар М.Әділбек бастаған Үкімет, А.Елемесова бастаған топ оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Мөлдір Әділбек бастаған үкімет жеңіске жетті.