04.10.2024ж. күні Жол-көлік колледжінде ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Нарбекова Балмаржан Полатқызы алғы сөзімен ашып, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, қиын да қызығы мол ұстаз еңбегіне үлкен бағасын беріп, ыстық ықыласын білдірді. Жиын барысында білім беру процесінде жоғары нәтиже көрсеткен, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек еткен ұстаздарға:
– ҚР Оқу-ағарту министрлігі;
– Шымкент қалалық білім басқармасы;
– «Аманат» партиясының;
– Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың, сондай-ақ колледж директорының «Алғыс хаттары» салтанатты түрде табыс етілді.
Салтанатты жиын колледж студенттерінің ұстаздарына деген жылы лебіздеріне толы құттықтаулары мен концерттік бағдарламасына ұласты.
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Previous
Next