«ДІН – ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ»

24.04.2024ж. Жол-көлік колледжі тәрбие жоспарына сәйкес «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында білім алушылардың діни сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы діни тұрақтылықты қалыптастыру, мемлекеттік этносаясатты түсіндіру, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жат қылықтардан аулақ болу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімнің басшысы Қыпшақбаев Рауан Мұхитұлы, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт маманы Омарбаев Бектұрсын және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Тілләбек Саян Аднабекұлы қатысты. Деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмаудың жолдарын қарастырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға шақырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған