Previous
Next
15.12.2020ж. күні Жол – көлік колледжінде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, онлайн форматта «Елімнің бақыты – Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында колледж директоры Г.У.Искакова колледж ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, егемендік алған жылдар ішінде Елбасының бастамасымен еліміздің қол жеткізген табыстары мен шыққан биік белестеріне тоқталып өтті. Жиын барысында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев пен колледж оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.А.Ешимов колледж оқытушылары мен қызметкерлерін қол жеткізген табыстары мен еңбектері үшін Алғыс хаттар мен арнайы сый ақылармен марапаттады.