2023 жылдың 13 қазан күні Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Жол-көлік колледж студенттерінің қатысуымен әскери-патриоттық кездесу өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және сұрапыл жылдарда от кешкен ардагерлеріміздің ерлік жолын насихаттау. Кездесуге Семей ядролық полигон ардагерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министерлігі ардагері, Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлер одағының төрағасы Маханбетов Абдумалик, Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Дарменов Есенбай ағаларымыз қатысты. Ардагеріміз жастарға еліміздің тарихы мен өз бастарынан өткен қилы кезеңдерін баяндады. Тәуелсіздік туын тік еткен бейбіт күннің қадыр-қасиетіне жетіп, ел мен жерді сүюге шақырды.