18.10.2023 ж. Жол-көлік колледжінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «ЖАҢАРУ» сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен, полиция департаментімен бірлескен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша» атаулы әлеуметтік жобаның шеңберінде жиын өтті.
Жиында «Жас қыран» жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Аршабай Асылтаң Арысбекұлы мәлімет беріп, оқушылардан сауалнама алды. Шымкент қалалық полиция департаменті Тұран аудандық полиция Басқармасы кәмелетке толмағандардың инспекторы, полиция лейтенанты Мақсат Тұрлыбаев жастардың тәртіп мәселесін қозғады. Заңға бағынбағандарға әкімшілік жаза қолданылатынын ескертті.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру болып табылады.
Previous
Next