Previous
Next
28.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде «Жастарды тәрбиелеу – ата-ананың да міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Аталмыш жиналыста колледж директоры Г.Ү.Искакова ата-аналарды колледж тарихымен таныстыра келе, қол жеткізген жетістіктерді айтып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген студенттердің ата-аналарына өз ризашылығын білдірді. Жастардың бойына білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына ата-аналар да өз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ аталмыш жиналысқа қатысқан Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің басшысы, полковник Е.Жұмаханбетов барлық білім беру ұйымдарында тәртіпті сақтау, бақылау, қадағалау мақсатында құқық қорғау қызметкерінің жұмыс істеуі міндетті екенін ескертіп, өзінің пікірімен бөлісті.