Previous
Next
23.11.2022ж. Колледж медиа-залында Колледж директоры, директордың орынбасарлары мен сапа бойынша басшылық өкілі және арнайы пән оқытушыларының қатысуымен «Жобалық басқаруды ендірудің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек-үстел өткізілді.
Семинардың мақсаты мен міндеттері: Колледжде жобалық басқаруды ендіру мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дуальді оқыту жүйесін дамыту, студенттер үшін тұрақты тәжірибе базаларын қалыптастыру, мамандар дайындаудың сандық және сапалық бәсекелестік деңгейін өсіру, сұранысқа қажетті мамандар даярлауға қол жеткізу, сонымен қатар материалдық-техникалық базаны жаңартып отыру мүмкіндіктеріне ие болу, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларына және білім алушыларға қосымша қаржы табу мүмкіндіктерін беру, жобаны басқарудағы әдістер мен дағдыларды меңгеру және оны жұмыс жүргізу процесінде жүзеге асыру арқылы мақсатттар мен нәтижелерге қол жеткізу.
Колледж директоры Г.Ү.Искакованың «Жобалық менеджмент – қазіргі заманғы басқару тренді» тақырыбындағы кіріспе сөзімен ашылған семинар ары қарай арнайы пән оқытушылары: М.М.Турсунов, Б.Қ.Ермаханов, Б.А.Торыжанов, М.Шулдақбаев, О.Е.Нартбаев, Б.Тәжібектердің «В, С1 автокөлік жүргізушісі курстарын ашу», «Жүк көлігіне диагностика жасау», «Автокөлік шанағын жөндеу және сырлау» тақырыптарындағы баяндамаларымен жалғасты