25.05.2021ж. күні Жол-көлік колледжінің Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырыста колледж директоры Г.У.Искакова колледжде кәсіби бағдар беру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелері Ж.Қамбар мен М.Дабылова колледжде жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмысының барысы, ата-аналар мен колледж арасындағы байланысты күшейту мақсатында өткізіліп жатқан тәрбие сағаттары мен семинар-тренингтер, сондай-ақ «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында тәрбие бағыты бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде айтып, колледж басшысы Г.У.Искакова басқарып отырған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов кеңес отырысын қорытындылай келе, Қамқоршылық кеңестің 2021 жылға құрылған жұмыс жоспарына сәйкес, бірнеше бағыттағы атқарылатын жұмыстарды айтып өтті.