26.12.2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылының» салтанатты жабылу рәсімі өтті. Аталған іс-шара барысында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жыл қорытындылары шығарылды.
Маңызды жиынға Жол-көлік колледжінің ұстаздары мен білім алушылары белсене қатысып, салтанатты шеруде колледж абыройын асқақтатты. Қаламыздағы үздік колледждер қатарына енді.
Білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуда атқарылған қарқынды әрі жүйелі жұмыстың нәтижесінде Жол-көлік колледжінің ұжымы Шымкент қаласы АТАМЕКЕН кәсіпкерлер палатасының директоры С.Қ.Адамбекованың арнайы Алғыс хатымен марапатталып, үздік колледждер қатарынан көрінді.
Аталған жетістік — оқу орны ұжымының кәсіби біліктілігі мен сапалы білім беруге бағытталған табанды еңбегінің нәтижесі. Колледж алдағы уақытта да еңбек нарығының сұранысына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісін жалғастыра береді.