8.04.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Заманауи киім: Рұқсат әлде тыйым?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Бұл тақырыпты арнайы пән оқытушысы М.Садырбай бастаған Үкімет, колледж психологы Т.Мұса бастаған топ оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Т.Мұса бастаған команда жеңіске жетті.