12.04.2022 ж. Жол көлік колледжінің медиа залында «Автомобиль көлігі», «Теміржол көлігі», «Жол құрылысы» комитеті мүшелерінен тұратын Индустриялық кеңестің №2 кеңесі өткізілді. Мәжілісте арнайы пәндер циклдік комиссиясы меңгерушілері 07320700, 0761300, 10410300, 10410400, 07140700, 10410200, 07320700 мамандықтарына арналған білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Оқу жұмыс жоспарларында оқытылатын модульдер, оқыту нәтижелері әлеуметтік серіктестердің, комитет мүшелерімен бірлесе отырып дайындалғаны айтылды. Сонымен катар, 07140700, 07161300 мамандықтары бойынша «Жас маман» жобасы аясында оқитын топтарға дайындалған оқу жұмыс жоспарлары Финляндия елінің «Soprano Group» дайындаған және «Talap» КЕАК аударған білім бағдарламасының негізінде дайындалғанын атап өтті. Мәжіліс барысында, әр мамандыққа даярлаған білім беру бағдарламасының модульдері мен оқыту нәтижесі талқыланып, дауыска салынып, кеңес мүшелерінің барлығы бірауыздан қабылдауға шешім шығарды.