Искакова Гүлзат Үкібайқызы

КƏСІБИ ДАМУ: ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІ

Искакова Гүлзат Үкібайқызы 1963 жылы 12 қаңтарда ОҚО Алғабас ауданы,  Шалдар ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Шымкент педагогика институтын физика және математика мұғалімі мамандығы бойынша  бітірген.

Гүлзат Үкібайқызы жолдасы Берік Жүсіпбекұлымен 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, бүгінгі таңда 7 немере сүйіп отыр.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

1986-1994 жылдары Искакова Гүлзат Үкібайқызы еңбек жолын «Дружба» балабақшасында тәрбиешіден бастап, №1 «Светлячок» бала бақшасында әдіскер;

 1994-2004 жылдары аралығында Жамбыл атындағы №26 мектеп гимназиясында  математика пәнінің мұғалімі;

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап (сол кездегі атауы) Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар  колледжі математика пәні оқытушысы, жалпыбілім циклдік комиссиясының төрайымы,   2009 жылы колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 07.10.2011 жылдан Жол-көлік колледжінің директоры болып қызмет атқарды.

Білікті де білімді ұстаз, іскер басшы Искакова Гүлзат Үкібайқызының басты мақсаты –  тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Осы бағытта білікті басшы, ұжымда беделді, сыйлы азамат, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, жұмыс барысында өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленетін Гүлзат Үкібайқызы болашақ мамандардың жан-жақты қабілетті және білімді азамат болып қалыптасулары үшін  аянбай еңбек етіп келді.2024 жылдың 12 қаңтарда зейнеткерлікке шықты.

       МАРАПАТТАРЫ:

Колледж директоры қызметі мен  «Аманат» партиясының «Тәуелсіздік» бастауыш партия ұйымының төрайымы қызметін  қатар атқарып келе жатқан Гүлзат Үкібайқызы көптеген марапаттарға ие болды.

 Атап айтсақ:

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінен  Құттықтау хат;

– ҚР Білім және ғылым министрлігі ТжКББ жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;

–   2011ж.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекесіне орай  Мерекелік медалі, 

– 2011ж. «Аманат» Халықтық Демократиялық партиясы Абай аудандық филиалы, Алғыс хат;

– 2011ж. ОҚО әкімінің  орынбасары,  Құрмет грамотасы; 

-2012ж.ОҚО 80 жылдық мерей тойына орай ОҚО әкімі А.Мырзахметов,  Алғыс хаты;

– 2012ж. ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы М.Т.Амантаева, Құрмет грамотасы;

– 2013ж. ОҚО әкімі А.Мырзахметов, Алғыс хат;

– 2014ж. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған;

– 2014ж. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті. Ә.Жақсыбеков, Алғыс хат;

– 2015 ж.  ОҚО әкімінің орынбасары Е. Айтаханов, Алғыс хаты;

– 2015 ж. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Ә. Өміралиев, Алғыс хат;                            

– 2015ж. ОҚО Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту  басқармасы, Құрмет Грамотасы;

– 2015 ж. «НұрОтан» ХДП Ө. П . Мелдеханов, Алғыс хат; 

– 2016ж. Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін Төс белгісі;

2018ж. Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты отандастарымызды көпшілікке таныту үшін  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында Оңтүстік өңіріндегі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша дайындалынған «Жылдың 100 жаңа есімі» атты автобиографиялық энциклопедияда  Искакова Гүлзат Үкібайқызының есімі жарияланды.

  • 2019ж. Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты;
  • 2019ж. ҚР Президентінің Алғыс хаты;
  • 2019ж. «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен;
  • 2019ж. ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамоталарымен»;
  • 2021ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты»;
  • 2023ж. Шымкент қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының «Алғыс хаты»;
  • 2023ж. Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің Алғыс хаты.