2024 жылдың 20 мамыр күні колледж презентация залында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Абдезов Нуржан Алибекович және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандосова Баян Айтбекқызы және колледж студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.
Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» – озық елге айналудың басты кілті екенін басты назарда ұстап өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, құмар ойын, ұрпақ тәрбиесі, жастарды адал еңбекке баулу, құқықтық мәдениет тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңы түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.


Previous
Next