2024 жылдың 22-26 қантар аралығында «Жол-көлік колледжі» МКҚК алаңында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы көлік саласы бойынша «Кәсіби шебер-2024» колледжішілік конкурсы өтуде.
Байқаудың мақсаты – көлік саласы бойынша педагогтарды анықтау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, ТжКБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық педагогтарын қолдау болып табылады.
Байқау осы мамандық үшін іріктелген жеті модульді қамтиды.
1-модуль – Кәсіби модульдер бойынша компьютерлік тестілеу;
2-модуль – Автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық операцияның бағалау парағын International стандартына сәйкес және CIS форматында жасау.
3-модуль – Жеңіл автомобильдің ауыспалы қорабына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
4-модуль – Жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу екі кезеңнен тұрады: Тұтандыру жүйесін жөндеу ,Жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу және жою;
5-модуль – Жүк автомобилінің қозғалтқышын жөндеу;
6-модуль – Жеңіл автомобиль қозғалтқышын жөндеу;
7-модуль – Автомобильдің электр жабдықтарын диагностикалау.
Байқаудың қорытындылары CIS хаттамасының және оған негізделген қазылар алқасының хаттамасының негізінде айқындалады. Байқаудың жүлдегерлері (1, 2 және 3-орын) анықталады. Қатысқан барлық қатысушылары қатысушы сертификатын алады.
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау сәті апта соңында анықталады.





Previous
Next