



Previous
Next
16.11.2020ж. күні Жол-көлік колледжі оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті. «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн форматта өткен аталмыш іс шарада колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.А.Ешимов ұжымдық келісім-шарт пен кәсіподақ туралы Заңын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың қаңтар айы мен 02 қараша айына дейінгі аударылған қаражаттың есебін берді. Іс-шара соңында колледж ұжымының атынан колледж директоры Г.Ү.Искакова кәсіподақ ұйымының жұмысына «Жақсы» деген баға берді.