





Previous
Next
22.04.2019 ж. күні Жол-көлік колледжінде апта бойына өтетін «Кәсіп үздігі -2019» байқауының 1-ші күні басталды. Студенттерді кәсіби-білікті маман ретінде қалыптастыратын және шеберлік дағдыларын дамытатын бұл байқау, «WorldSkills» ұлттық халықаралық чемпионатының талаптарына сәйкес жүргізіліп, колледжде дайындалатын 8 мамандық бойынша өтеді. Әр мамандық бойынша, болашақ маман иелерінің ең үздіктері іріктелінетін сайысқа 40 студент қатысып, бақ сынасады.
Бүгін, 1108000 – «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», 1203000- «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша студенттер өзара сайысқа түсті.