Бүгін, Жол-көлік колледжінде жастар мен жаспөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың алдын алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Лудомания және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы өтті.
Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Н. Малдыбаев, психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Ә. Әбдразақ, колледж психологы Ғ. Омарова, колледж студенттері қатысты. Кездесуге белсене қатысқан жастар лудомания туралы өз ойларымен бөлісті.