Previous
Next
«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз»
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні!
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген бұл күн ел тарихында мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық партия филиалына қарасты «Тәуелсіздік» БПҰ төрайымы Г.Искакова, сондай-ақ «Жол-көлік колледжі» оқытушылары мен оқу орнының студенттері қатысты. Шара барысында мемлекеттік рәміздер туралы бейнероликтер көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды.
Cалтанатты шара барысында сөз сөйлеген филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет екендігін атап айтты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Қазақстанның болашақтағы жетістіктеріне деген сенімділік кез-келген қиындыққа қарсы тұруға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге еселі еңбектерімен көзге түскен бірқатар азаматтарды партияның арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.