22.04.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Мемлекет сөз бостандығын шектеу қажет пе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Бұл тақырыпты арнайы пән оқытушылары О.Нартбаев бастаған Үкімет, Е.Тұрсынбаев бастаған топ оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Е.Тұрсынбаев бастаған оппозиция жеңіске жетті.