Отанға қызмет – отбасынан басталады!

“Отанға қызмет – отбасынан басталады” тақырыбындағы кездесу, алтын алқа иегері, жоғары соттың төсбелгісінің иегері, медиатор және ҚР “Үздік әйелі” орденінің иегері Бибігүл Әбдішүкірқызымен өткен ерекше шара болды. Кездесуде Бибігүл Әбдішүкірқызы өзінің өмір жолын, отбасы құндылықтары мен қоғамдағы әкенің, еразаматтың рөлін насихаттап, отбасындағы тәрбие мен үлгі болудың маңыздылығын баса айтты.
Оның айтуынша, “Отанға қызмет” дегеніміз – әрбір жанұядан, өз үйіңнен бастау алатын міндет. Себебі, отбасындағы тәрбие дұрыс жолға қойылса, елге адал қызмет ететін, жауапкершілігі мен патриотизмі жоғары азаматтар өсіп шығады. Ол өз тәжірибесінен, отбасы құндылықтарына сүйене отырып, қоғамға игілігі мол жұмыстар жасауға болатынын жеткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға тәлімгерлік кеңестер беріп, өз өмірлік тәжірибесімен бөліскен Бибігүл Әбдішүкірқызы жастарға үлгі боларлық маңызды ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған