Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

6.05.2025ж. күні колледжімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында колледжіміздің жас мамандары өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық рухтағы әндер мен көріністер арқылы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Колледжіміздің директоры Б.Нарбекованың атынан сөз сөйлеген колледж директорының міндетін атқарушы Б.Ешимов барша жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімдігі, “Аманат” партиясы және колледжіміздің атынан арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл күн – батырлық пен ерліктің, отансүйгіштік пен елжандылықтың белгісі.
Барша ардагерлерімізге, еліміздің тыныштығын қорғайтын азаматтарға шексіз алғыс білдіреміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған