Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Жол көлік колледжінің студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу және де тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз бен ұл баласының отбасындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге тоқталды.