10.05.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде Тіл пәндері пәндік циклдік комиссиясының оқытушысы Б.Серикованың ұйымдастыруымен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының мүшесі, білікті психолог маман С.Мырзабаймен колледж студенттері арасында кездесу өтті. Сондай-ақ кездесуге «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының директоры Н.Ә.Даулетов , «Ел сана» руханият клубының мүшесі Н.М.Ермұханов және Абай атындағы орталықтандырылған кітапхананың директоры Г.Ә.Шатырбекова қатысты. «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан жарық көрген «Логотерапия», Салт-дәстүр сөйлейді», «Әлдиден эпосқа дейін», «Сияр Шәріп», «Яссауи феномені», «Өмірге ғашық болу», «Өркениетті адам», «Махаббатың мәні», «Мың сұрақ» кітаптары таныстырылып, жалпы мағынасына шолу жасалынды. Кездесу барысында колледждің білім алушы жастары отбасы құндылықтарына қатысты жан-жақты терең мәліметтер алды.