ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІ МЕН БІЛІМ САПАСЫНЫҢ ТОҒЫСУЫ

Колледж қабырғасында «Оқытушының кәсіби құзыреттілігі – білім сапасының негізгі факторы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдер мен педагогикалық технологияларды меңгерту арқылы білім сапасын жетілдіру.
Іс-шара колледж директоры Б.Нарбекованың құттықтау сөзімен ашылып, «Talap» КЕАҚ Педагогтерді дамыту басқармасының бас тренері Б.А. Сарин мырзаның ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткен мазмұнды баяндамасымен жалғасын тапты.
Сондай-ақ, ШҚ Білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Р.У. Идирисбаева педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша өзекті әрі тәжірибелік маңызы зор баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырды.
Семинар жұмысы төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
• «Жасанды интеллект: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер»;
• «Жалпыбілім пәндері бойынша оқытудағы жаңа тәсілдер мен тәжірибелер»;
• «Арнайы пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі – білім беру сапасының негізі»;
• «Әдістемелік бағыт: оқыту семинары – тәжірибе мен әдістеменің тоғысуы».
Семинар барысында көтерілген өзекті тақырыптар мен тәжірибелік бағыттар оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға оң ықпал етті. Аталған іс-шара педагогтерді кәсіби тұрғыда ынталандырып, білім беру саласындағы жаңашылдықтарды енгізуге серпін берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған