«СЕН ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2024 жылы 16 сәуір күні Жол-көлік колледжінде жастардың құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында “СЕН ЖӘНЕ ЗАҢ” тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға: Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бибігүл Абдалиева, Шымкент қаласы полиция басқармасы Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны Молдыбаев Нұржігіт, Шымкент қаласы Сана сезім орталығының заңгері Тулаев Бехзод және Шымкент қаласы ювеналды адвокатурасының адвокаты Тавашхорв Ахрор қатысты.
Кездесу барысында бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мәселесі қаралды. Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторларды және оның мәнін түсіндірді. Студенттер өз сұрақтарына нақты және толық жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған