Previous
Next
22.10.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Жастар комитетінің ұйымдастыруымен «Теледидар жастарғаа зиянды әсер етеді» тақырыбында колледж студенттері арасында пікірсайыс-дебат өткізілді. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімов, ақпараттық технологиялар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Е.Д.Тәліп, жастар комитетінің төрағасы А.Мамырхан қатысты. Көрермен ретінде қатысқан студенттер де қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша ОДД9-191тобының студенті Өтеген Ұлпан бастаған жақтаушы команда жеңіске жетті.