Биылғы жылы республикалық тамыз секциясы 2024 жылғы 15 тамызда «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары» тақырыбында онлайн форматта өтті.
Республикалық тамыз секциясының негізгі мақсаты 2024-2025 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын белгілеу, мамандарды даярлаудың сапасы мен тиімділігін арттыруда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа үрдістерін талдау және анықтау.