Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті

2023 жылғы 20 қаңтарда QR Oqu-ağartu ministrlıgı Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ұйымдастыруымен ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН-КЕҢЕС өтті. Кеңесті оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова алғысөзімен ашып, өзі жүргізіп отырды. Кеңеске облыстық білім басқармаларының басшылары және орынбасарлары , ТжКБ бөлім басшылары, оқу орталығы басшылары мен әдіскерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, мемлекеттік және жеке меншік ТжКБ беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Жиналыста ТЖКБ департаментінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және 2023 жылға арналған жоспарымен Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Жүнісов Ернат Гапуұлы таныстырып баяндама жасады. Одан кейін сөз алған Білім сапасын қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Дауенов Ернұр Нұрланұлы ТЖКБ ұйымдарын аттестаттауды оңтайландыру мәселесін атап өтіп, оның біршама артықшылықтарына тоқталып өтті.
Кеңесте ТЖКБ ұйымдарының мәселелері мен алдағы міндеттері жете түсіндіріліп, біліктілік арттыру курстары; кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты оқытуды кеңейту; маман даярлауда жұмыс берушілердің санын арттыру; қолжетімді және сапалы ТжКБ беруді қамтамасыз ету; бизнестің қамқорлығын дамыту; республикалық, өңірлік кеңестің жұмысын трансформациялау; студенттердің әлеуметік қамтамасыз етілуі (стипендияны 50 пайызға арттыру -орта буын мамандықтары-31422, жұмысшы мамандықтар-32680) ; Бітірушілерге берілетін дипломды цифрландыру; Worldskills қозғалысын жетілдіру; колледждерді мақсатты қолдау және қаржылай тұрақтандыруды дамыту мәселелері алдағы уақытта қолға алынып, ТжКБ саласы жаңа бағытта дамитынына сендірді.
Қорыта айтқанда, бұл кеңес дер кезінде өткізілген және ТжКБ ұйымдары басшыларына жаңаша тың серпін берген, әдістемелік қолдау білдірген келелі іс-шара болды деп нық сеніммен айта аламын.
Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар кешенді және жиі өткізіліп тұрса, техникалық және кәсіптік білім беру жаңаша сипатта дамитынына сенемін.
Жол-көлік колледжінің директоры Гүлзат Үкібайқызы Искакова

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған