Тойшиев Күнтуған Тойшыұлы

Тойшиев Күнтуған Тойшиевич1948 жыл1 қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында, Ғ.Мұратбаев совхозында дүниеге келген. 1955 жылы  1-сыныпқа қабылданған. 1966 жылы 10-шы сыныпты бітірді, сол жылыКунтуған Тойшиевич  Қарағанды политехникалық институтына оқуға түсті.1968 жылы2 курстан кейін,  Целиноградтық құрылыс инженерлік институтына ауысты. Аталмыш  институтты 1971 жылы, «Автомобиль транспорты» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Отбасылы. Жұбайы Тойшиева Роза Турдалиевна екеуі, 3-ұл, 1-қызды жоғары білімді, тәрбиелі азамат етіп өсірді.

    Еңбек жолы

Күнтуған Тойшиевич алғашқы еңбек жолын,Қостанай облысы, Таран ауданындағы №1 АТП мекемесінде жөндеу жұмыстарының шебері болып бастады.1972 жылы Шымкент автомеханикалық техникумына (қазіргі Жол-көлік колледжі)ұстаздық қызметке орналасты.

-1981-1983 ж.ж. аралығындааталмыш техникумның кешкі бөлім меңгерушісі;

-1987-1989 ж.ж. аралығында техникумның күндізгі оқыту бөлімінің меңгерушісі;

-1989-2009 ж.ж. аралығындаШымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі(қазіргі Жол-көлік колледжі) директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары;

-2009-2011ж.ж. аралығында Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің (қазіргі Жол-көлік колледжі)  директоры қызметін атқарған.Күнтуған Тойшиевич қазіргі Жол-көлік колледжінде 39 жыл абыроймен қызмет атқарып, 2011жылы Құрметті зейнеткерлікке шықты.

Марапаттары

  • 1996 ж. «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгі;
  • 1998 ж. «Обком профсоюза работников образования и науки» мақтау қағазы;
  • 2004 ж. ОҚО БДҚұрмет грамотасы;
  • 2005 ж. Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты;
  • 2005 ж. ҚР Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасы;
  • 2006ж. 16 желтоқсан Шымкент көлік және коммуникация колледжі Алғыс хаты;
  • 2006 жылы Оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері үшін және ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдық мерекесіне орай колледждің Құрмет грамотасы;
  • 2006ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин төсбелгісі;
  • 2010ж. ОҚО Білім басқаруының Алғыс хаты;
  • 2010ж. Шымкент қаласының маслихатының Алғыс хаты;
  • 2011ж. ҚР  президентінің Алғыс хаты;
  • 2011ж. ОҚО маслихатының Алғыс хаты;
  • 2011ж ОҚО әкімдігінің Құрметграмотасы;
  • 2011ж. Шымкент қаласының денешынықтыру бөлімінің Алғыс хаты;
  • 2011ж. ҚР БҒМ «Республикалық және техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми әдістемелік орталығының Алғыс хаты;
  • 2011ж. ҚР президентінің Алғыс хаты;
  • 2011ж. Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының Алғыс хаты;
  • 2011ж. ҚР және ҒМ Республикалық техникалық және біліктілікті берудің ғылыми әдістемелік орталығы Алғыс хаты;
  • 2011ж.ҚРжәне ҒМ Алғыс хаты.