«ТӘУЕЛСІЗДІГІМ – ТҰҒЫРЫМ!»

Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында «Тәуелсіздігім-тұғырым!» атты салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Туы әкелініп, Мемлекеттік Әнұраны ойналды. Салтанатты мәжілісті колледж директоры Г.Ү.Искакова ашып, колледж ұстаздары, қызметкерлері, білім алушыларды жеткен жетістіктері үшін Алғыс хаттармен марапаттады. Ақпараттық технологиялар және қоғаммен байланыс бөлім меңгерушісі Т.Молдабекова «Тәуелсіздік-еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбындағы баяндамасында егемен еліміздің мемлекет болып қалыптасу жолын баяндап өтті. Колледж оқытушылары мен студенттері «Тәуелсіздіктің ақ таңы» сахналық қойылымын қойды. Көркемөнерпаздар ән мен биден шашу шашып, мерекенің шырайын келтірді.
Осыдан 32 жыл бұрын жер жаһанға сүйінші айтып, әлем халқына жариялаған, бабаларымыздың асыл арманы болған бақ пен берекенің бастауы Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған