Колледжімізде «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру аясында халықаралық аккредитациядан өткізуге Оңтүстік Корея елінен арнайы келген делегацияны қабылдадық.
Іс-шараға ұйтқы болған «Global Sapa» халықаралық Академиясының даму жөніндегі директоры А.Е.Ли, Корея республикасы , Baekseok университетінің вице-президенті Beom Jооn Kim, Baekseok университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Sangkun Hwang, оқу орнымыздың түлегі, «Talap» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Қ.Қ. Бөрібеков қатысты.
Жиын барысында Жол-көлік колледжімен Корея Республикасының Baekseok университеті арасында ресми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім тараптар арасындағы академиялық байланыстарды нығайтып, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған маңызды қадам болды. Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестікті дамыту мақсатында студенттерге тіл үйрету орталығын ашу ұйғарылды.