«ХАЛЫҚТЫҢ ІЗГІ ДӘСТҮРІ – БІЗДІҢ ЕҢ АСЫЛ МҰРАМЫЗ»

2024 жылдың 29 сәуір – 6 мамыр күндері аралығында Жол-көлік колледжінде «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» атты топ жетекшілер бірлестігінің апталығы өтеді.
Апталықтың алғашқы күні колледж фойесінде білім алушылардың қолдарынан жасалған бұйымдардардан жинақталған «Ата мұраң – асыл қазынаң» тақырыбындағы көрмесін тамашалаудан басталды.
Колледж мәжіліс залында халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен ізгілік қасиеттерін студенттердің бойына сіңіру мақсатында «Тәрбие көзі – ұлттық құндылықтар» тақырыбында топ жетекшілер апталықтың ашылуын ұйымдастырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Ешимов апталықты ашып сөз сөйлеп, тәй-тәй басқан сәбидің өмір жолы ашық болсын деген ниетпен жасалатын бұл дәстүрдің өзіндік ережелерін сақтап, Алтынбековтер әулетінің атұстар немересі Алдиярдың тұсауын кесті. Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі деп білген колледжіміздің Сапа бөлім басшысы Қ. Аймишев қариялық батасын берді. Мың бұралған биімен көпшілікті тәнті етер биші қыздар, әншілер кештің шырайын келтірді.
Бүгінгі іс-шарада «Қырық серкеш», «Тұсау кесер», «Бата беру», «Кәде тарту» рәсімдері білім алушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі. Ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін ұғындырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған