24.01.2023ж. күні Колледж медиа залында «Жол-көлік колледжі» МКҚК-нің Қамқоршылық кеңесінің 2023 жылдағы І отырысы өткізілді. Мәжілісті Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.Сәрсенов ашып, күн тәртібімен және кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Одан кейін сөз алған колледж директоры Г.Ү.Искакова Жол-көлік колледжінің 2022-2023 оқу жылының ІІ жартысына жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Жетім балаларды, қамқорлықтағы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар туралы ақпараттық мәліметтер алу және білім алушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу туралы колледж әлеуметтік педагогы Ж.Қуанышбекова мен педагог-психолог Т.Мұса айтып өтті. Колледж жатақханасында орналасқан білім алушылардың тұрмыс жағдайын бақылау туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев мәлімет берді.