


Previous
Next
27.01.2022ж. Жол-көлік колледжінің кезекті Қамқоршылық кеңес отырысы ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта өтті. Қамқоршылық кеңес төрағасы 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырса, колледж директоры Г.Ү.Искакова кеңес мүшелеріне 2021-2022 оқу жылының ІІ жартысында атқарылуы тиіс іс-шараларды айтып өтті.
Жетім балалар, қамқорлықтағы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар туралы мәліметтермен және білім алушылардың құқықтарының сақталуы туралы ақпараттармен педагог-психолог Т.Мұса және әлеуметтік педагог Ж.Қуанышбекова бөлісті.
Колледж жатақханасында орналасқан білім алушылардың тұрмыс жағдайы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімов таныстырды.