17.03.2022ж. Қоғамдық-гуманитарлық және дене, әскери-патриоттық тәрбиелеу пәндер циклдік комиссиясының ашық апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «АӘД» пәнінің оқытушылары Т.Қадыров пен Ө.Досмахан және топ жетекші Ж.Айнабековалардың жетекшілігімен «Қуатты Армия – тәуелсіздік кепілі» атты ҚР ҚК 30 жылдығына арналған интеллектуалды танымдық іс-шара өткізілді. Кешке Ауған соғысы және Чернобыль ардагерлері, әнші-сазгер Бағдат Алтаев және С.Рақымов атындағы әскери мектеп-интернатының курсанттары қатысты.