Қыран елім – Қазақстаным!

Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында 25 қазан Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынды колледж директордың міндетін уақытша атқарушы Б.Ешимов құттықтау сөзімен ашып, колледждегі жауапты да нәтижелі жұмыс атқарған қызметкерлер мен педагогикалық-шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген оқытушыларды арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады. Мерекелік жиын колледж көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан Ұлттық мереке 25 қазан – Республика күні құтты болсын! Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке әрбір отандасымызға шаттық сыйласын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған