



03.02.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу және «COVID -19» короновирусынан сақтану шаралары» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өтті. Аталмыш іс-шараны колледж директоры Г.Ү.Искакова ашып, офлайн форматта білім алып жатқан І курс студенттеріне бүгінгі іс-шараның негізгі мақсатын айтып, іс-шараға арнайы шақырылған мамандарды таныстырды. Іс-шараға арнайы келген ШҚББ ТжКББ бөлімінің бас маманы Ж.Б.Алтаева құқықтық сауаттылық туралы; Шымкент қалалық Абай аудандық ішкі істер басқармасының полиция майоры Ж.Т.Иргебаев кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде; Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің бас маманы Н.Намуратова жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және «Әлинұр» клиникасының дәрігері Г.Ә. Күзенбаева «COVID -19» короновирусынан сақтану шаралары жайында баяндады. Сонымен қатар колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, іс-шара соңынан құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бейнеролик көрсетілді