13.05.2022ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында «Құқық бұзушылықтың және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында Абай аудандық прокуратурасының қызметкерлері мен колледж студенттері арасында кездесу өткізілді. Мамандар тарапынан құқық бұзушылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың зардаптары жете түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында студенттер аталған тақырыпқа байланысты көкейдегі сұрақтарын қойып, жауап алды. Жиын соңында колледж директоры Г.Үкібайқызы прокуратура мамандарына кездесуге атсалысқаны үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.