Previous
Next
2023 жылдың 16-20 қаңтар күндері Жол-көлік колледжінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Жол машиналары» пәндерінің арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқу шеберлері арасында «Үздік шебер» конкурсы болып өтті.
Конкурс екі кезеңде өткізілді: теориялық және практикалық.
1 кезең – теориялық, екі модульден тұрды: 2023 ж. 16 қаңтар күні.
Модуль 1 – Кәсіби модульдер бойынша компьютерлік тестілеу;
Модуль 2 – WorldSkills International стандарттарына сәйкес және СІЅ форматында автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық операцияның бағалау парағын жасау.
2 кезең – практикалық, WSI талаптары мен стандарттары бойынша орындалатын бес практикалық модульден тұрды:
2023 ж. 17-20 қаңтар аралығында.
Модуль 3 – Жүк көлігінің қозғалтқышына ТҚК (КАМАЗ -740)
Модуль 4 – Жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу және жою; (ВАЗ 2106)
Модуль 5 – Жеңіл автомобильдің қозғалтқышын жөндеу; (2.0 G4KD )
Модуль 6 – Жеңіл автомобильдің беріліс қорабын жөндеу; (02T)
Модуль 7 – Автомобильдің электр жабдықтары құрылғыларының диагностикасы. (Э-250М ).
Жеңімпаздар алдағы педкеңесте белгілі болып, марапатталады